Талдықорғанда ойын-сауық кешенінің иелері сегіз баланың анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады
Талдықорғанда "Статус" ойын-сауық кешінің иелері көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтер сыйлады.
Бұл туралы Facebook желісіндегі "Талдыкорганец" тобында айтылды.
Бұған дейін 8 баласы бар отбасының "Уйтас" саяжай бірлестігінде тұрғаны мәлім болған еді.
"Статус" ойын-сауық кешінің иелері арнайы салтанатпен пәтер кілтін көпбалалы ана Иринаға табыстады.
"Ирина, сіз үлкен марапатқа лайықсыз. Сегіз баланың анасысыз, "Алтын алқа" иесісіз. Балаларыңыз да керемет. Сіздермен бір апта бұрын ғана таныссақ та, жақсы адамдар екендеріңізді танып-білдік Сондықтан сіздерге "Статус" кешені атынан 3-бөлмелі үй сыйға тартамыз", - деді кешен иелері.
Ирина бұл сәтте көз жасына ие бола алмады. Қуаныштан қатты тоқып, алғысын айтты. Ол соңғы сәтке дейін баспаналы болатынын білмеген.
Облыстық кәсіпкерлер ұлттық палатасы өкілі Иринамен болашақта бірлесіп жұмыс істеп, бизнес жолдарын үйрететіндерін айтты.
Ұйымдастырушылар көпалалы отбасын жаңа үйіне әкелді. Жаңа қоныстың көршілері шашу шашып, отбасын қошеметпен қарсы алды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.