Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таласқа түскен ақтөбелік қыздың тағдыры шешілді.Тапқан анасы мен баққан анасы көз жасын тыя алмады

Ақтөбеде туған анасы бола тұру күтушісінің қолында тәрбиеленген 5 жасар Әсемгүл Оразметтің тағдыры шешілді. 3,5 жылдан кейін анасы алып кетпек болған қыздың туған анасы мен баққан анасының арасындағы дау бір айға жуық уақытқа созылды. Күні кеше қамқоршылық мамандары қыздың кіммен қалатынын шешті.

Таласқа түскен ақтөбелік қыздың тағдыры шешілді.Тапқан анасы мен баққан анасы көз жасын тыя алмады
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қамқоршылық кеңесінде өз әрекеті үшін өкінген туған анасы көз жасына ерік берді. Әсемгүлді 3,5 жыл бойы бағып-қаққан Марианна Фотеску де көз жасын тыя алмады.

Қамқоршылық кеңесінде Әсемгүлдің туған отбасында өсуі керектігі туралы айтылып, мамандар бірауыздан құптады. Олар қыздың туған отбасының тұрмыс-тіршілігін тексеріп, талапқа сай деп таныды. Сонымен қатар бір апта бойы туған анасы мен қызының кездесуін психологтар бақылаған.

Қамқоршылық бөлімінің сектор меңгерушісі Ақырыс Шәгірова қыздың анасына қатысты Астана қалалық қамқоршылық органына хат жолдап, оны бақылауға алып, әкімшілік жауапқа тартуын сұрайтындарын айтады.

Әсел Пірманова 3,5 жыл бұрын қызын бөтен адамға тастап кеткені үшін әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. 

Әселдің өзі ендігі қызын тастамайтынын айтып отыр.

«Мен комиссияның шешімімен келісемін. Барлығына рахмет. Әсіресе, Марианаға алғыс білдіремін», - дейді Әсел Пірманова. 

Десе де Марианна Фотеску Әселдің қателігін қайталамайтынына күмәнданады. Ол кеңес кезінде Әселдің өтірік айтып отырғанына сендіруге тырысты. 

«Оны алып кеткенін қаламаймын. Алайда өзім бақылайтын боламын. Егер сәл ренжітсе, бірден сотқа беремін және кез келген жолмен тартып аламын», - дейді Фотеску.

Ал психолгтар Әсемгүлдің тапқан анасы мен баққан анасына татуласуға кеңес берді. Себебі олардың арасындағы араздық балаға кері әсер етеді, дейді.

Бүгін Әсемгүлдің анасы оны Астанаға өз отбасына алып кетпек.

Бала күтушісі Марианна мен бес жастағы Әсемгүлдің оқиғасы - киноның сюжетіне бергісіз жағдай. Еске сала кетсек, 4 жыл бұрын 36 жастағы келіншек туған қызын бала күтушісіне тастап, хабар-ошарсыз кетеді. Марианна бүлдіршінді қатарынан кем қылмай өсірген. Тек келесі жылы мектепке берейін десе, қолында қамқоршылықтағы бала екендігі туралы бірде-бір құжаты жоқ. Артынша оның анасы табылды. Әсемгүл 4 жылдан кейін келген анасын бірден таныған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау