Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тал түбіне тасталған баланың ісі: Әкесі сотта жылап жіберді

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Мұрат Асқароғлына қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылуда. Ер адам туған ұлының басын таспен ұрып-соқты деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тал түбіне тасталған баланың ісі: Әкесі сотта жылап жіберді

Мұрат Асқароғлы 5 жасар ұлының «денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрді» деп күдіктеліп отыр. Судья Марал Жарылғасова айыпталуышының жеке деректерінде бекітілген мәліметке сәйкес сот отырысын бастап кетті. Сотта күдікті ретінде танылған 1985 жылғы ер адамның Қазақстан азаматы екені белгілі болды. Мұрат Асқароғлының айтуынша, ол бетон зауытында бейресми тұрде жұмыс істейді. Бұған дейін сотталмаған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдауын сұрады. Күдіктінің өзі ол іс-әрекетіне өкінетінін айтып, сот залында жылап жіберді. Туған ұлын соққыға жыққанын мойындаған әке ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен босатуды өтінді.

Айта кетейік, кеше Алматының шығыс айналма жолынан табылған 5 жасар баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды. Содан кейін бұл жантүршігерлік жаңалықты естіген Мұрат Асқароғлының туыстары қайғылы оқиға орын алған жерге жиналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау