Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таксист жолаушының көлікте ұмытып кеткен 44 келі алтынын қайтарып берді

Дубайдың таксистері өздерінің ұмытшақ клиенттеріне 44 келі алтындарын қайтарып берген. Бұл жөнінде Әмірліктің транспорт және жол басқармасының баяндамасында хабарланған.

Таксист жолаушының көлікте ұмытып кеткен 44 келі алтынын қайтарып берді

 

Таксистердің тапқан ең қымбат олжалары – 20 және 24 келілік алтындары бар екі сөмке болған.  Алтындар иелеріне бәз қалпында қайтарылған екен.

Бұдан бөлек, таксиде ұмытылып қалатын дүниелердің ішінде  – кілттер, әмияндар, төлқұжаттар, күн көзіне киетін көзілдіріктер, киім-кешектер және электронды қондырғылар.

Ұмыт қалдырылған дүниелердің бірі қалмай заңды иелеріне қайтарылғандығы хабарланған. Соңғы жылы таксиде жолаушылар өз балаларын ұмыт қалдырғандығы жөнінде Дубайда есте қаларлық екі оқиға орын алған. Бұл балалар да аман-есен ата-аналарына қосылған болатын.

 

Талқылау