Таксист жолаушының көлікте ұмытып кеткен 44 келі алтынын қайтарып берді
Дубайдың таксистері өздерінің ұмытшақ клиенттеріне 44 келі алтындарын қайтарып берген. Бұл жөнінде Әмірліктің транспорт және жол басқармасының баяндамасында хабарланған.

Таксистердің тапқан ең қымбат олжалары – 20 және 24 келілік алтындары бар екі сөмке болған. Алтындар иелеріне бәз қалпында қайтарылған екен.
Бұдан бөлек, таксиде ұмытылып қалатын дүниелердің ішінде – кілттер, әмияндар, төлқұжаттар, күн көзіне киетін көзілдіріктер, киім-кешектер және электронды қондырғылар.
Ұмыт қалдырылған дүниелердің бірі қалмай заңды иелеріне қайтарылғандығы хабарланған. Соңғы жылы таксиде жолаушылар өз балаларын ұмыт қалдырғандығы жөнінде Дубайда есте қаларлық екі оқиға орын алған. Бұл балалар да аман-есен ата-аналарына қосылған болатын.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді