Таиландта тарихтағы ең ұзақ уақыт ел басқарған король көз жұмды
Таиланда 89 жасында король Пхумипон Адульядет көз жұмды.

Монарх 9 қазан күні шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Гемодиализ процедурасы жасалғаннан кейін королдің жағдайы күрт нашарлаған.
Түсіп кеткен қан қысымын жоғарылату үшін дәрігерлер арнайы препараттар қолданған. Сондай-ақ, оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосады.
Таиланд королі ұзақ жылдар бойы дәрігерлердің арнайы бақылауында болды. Серират клиникасында оның ем қабылдауы үшін арнайы қабат жасалған. Ол жерде король және әйелі ханшайым Сирикит болған. Пхумипон Адульядет тарихта ең ұзақ жыл ел басқарған король ретінде қалды.
Жақында ол жатқан ауруханаға мыңдаған Таиланд тұрғыны келіп, аурудан айығып кетуі үшін дұға жасаған еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін