Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиланд тұрғындары қуыршақтарды жаппай «асырап алып» жатыр (фото)

Таиландта ересек адамдар қуыршақтарды «асырап алуда». Олар қуыршақтың ішінде жан бар деп сенеді екен. Тайлықтар сүйікті қуыршақтарына табынып, оларды өзімен бірге алып жүреді.

Таиландты Look Thep қуыршақтары жаулап алды. Мемлекет бойынша аталған қуыршақтарға арнап киім мен зергерлік заттар сататын дүкендер, сұлулық салондары ашылып жатыр. Адамдар қуыршаққа қамқорлық танытып, тамақтандырып, киіндіреді екен. Тіпті Бангкок шетіндегі мейрамхана Лук Тхеп қуыршақтарына арналған құны 499 бат (шамамен 3000 теңге) тұратын арнайы ас мәзірін енгізіпті.

Тайлық Smile Airways әуе компаниясы қуыршақтарға тірі жолаушы ретінде қызмет көрсететін болған.

Бұл қуыршақтар Таиландта 2013 жылы пайда болған. Олар әлі күнге дейін кең танымалдыққа ие болып келеді. Бірде Мананья Бунми есімді әйел 17 жастағы ұлының тәртіпсіздігіне шамданып, қуыршақ жасаған. Мұнан кейін бойтұмарлардың көмегімен қуыршақты сиқырлап, оған баласының жанының бір бөлігін берген екен. Бұл жағдайдан кейін ұлы өзгере бастапты.

Қуыршаққа барынша қамқорлық танытып, түрлі діни ғұрыптар жасағаннан кейін жасөспірімнің мінезі өзгеріп, жамандыққа үйрететін достарынан алшақтап, жұмысқа орналасқан. Осы кезде сүйіктісін де жолыытырыпты. Қуыршақтың көмегіне разы болған Мананья Бунми оның әр саусағына алтын жүзік таққан. Мұнан кейін өзіне «Мама Нинг» деген лақап ат беріп, жанды қуыршақтарды жасап шығара бастаған. Әйел өз қуыршақтарына Лук Тхеп, яғни «Періштенің сәбиі» деген атау беріпті.

Жанды қуыршақтардың кең танымалдыққа ие болуын елдегі мәдениет ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тайлықтар буддизмнің кең таралғанына қарамастан, кез-келген затта өмір сүретін рухқа, елеске сенеді.

Лук Тхеп қуыршақтарының шығу төркіні дәстүрлі эмбрион-бойтұмарлармен байланысты. Тайлықтар аталған бойтұмарда шетінеп кеткен сәбидің жаны өмір сүреді деп сенеді, себебі оларды жетілмеген эмбрионнан жасайды екен.

Тайлықтардың сенімі бойынша, қуыршаққа қаншалықты жақсы күтім көрсетсең, соншалық мол табыс әкеледі. Олар қуыршаққа өз баласына қарағандай күтім жасап, шашын тарап, шомылдырып, киіндіріп, ұйқыға жатар алдында ертегі оқып береді. Сонымен қатар қуыршақты ғибадатханаға алып барып, бірге құлшылық жасайды екен.

Мама Нингтің түсіндіруінше, мұндай қуыршақтарға деген қызығушылық елдегі дағдарыспен байланысты екен. Ұзаққа созылған дағдарыстан қажыған ел әлденеге сенуге мұқтаж.

Кейде қуыршаққа табынушылар ақылға қонымсыз әрекеттерге барады. Тіпті Таиландтың премьер-министрі Прают Чан-Оча ел алдында сөйлеген сөзінде халықты Лук Тхеп қуыршақтарымен әуестенуін тоқтатып, ырымды шындықтан ажырата білуге шақырды.

Қуыршаққа қатысты қылмыстық жағдайлар да орын алған. Чиангмая әуежа      йында қаскүнемдер Лук Тхеп қуыршағының ішіне метамфетаминн ің 200 таблеткасын жасырып, Таиландтан алып өтпек болған. Ендігі шекарашылар қуыршақтарды мұқият тексеретін болған.

Тайлықтардың аталған қызығушылығы күлкілі болғанымен, қуыршақ «асырап алған» отбасылардың бірі бір жыл ішінде 17 рет лотереяда ұтқан екен.  Ал Лук Тхеп қуыршағын сатып алған диджей Букко Тханнатчхайяпан мансабында жоғарылаған. Өзіне фильмнен рөл ұсынылғаннан кейін, ол қуыршаққа алтын алқа сыйлапты.

Оқи отырыңыз:

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел лотереяда ұтқаннан кейін жазылып кетті (фото)

Бір күнде әлемге танылған ирандық қыз: Анджелина Джолиге ұқсағым келмеген

АҚШ-та ит өз иесін атып тастады

АҚШ-та 6 жасар баланы “бум” деген сөзі үшін террорист деп айыптаған

Талқылау