Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір танымал Голливуд актері Астанаға келді

Астанаға танымал голливудтік актер, продюсер және режиссер Джон Малкович келді. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7ce86d2f-cb0c-4d25-b31a-4b2c0a1ffecd

Танымал актерді әуежайдан вице-министр Асқар Баталов пен XIII “Евразия” халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсаходжаева шықты.

“XIII “Евразия” халықаралық кинофестивалі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгін бізге Джон Малкович келіп отыр. Ол фестивалдің жабылу салтанатына қатысып, жеңімпаздарды марапаттайтын болады”, – деді Айман Мұсаходжаева шықты.

41ef4323-f2e6-4c7b-9285-d2f0a14d946e

Атақты актер Қазақстанға екінші рет келіп отыр. Бірнеше жыл бұрын ол қазақ-американ кинофестиваліне қатысу үшін Алматыға ат басын бұрған екен.

“Осында келгенім үшін бақыттымын деп санаймын. Қазақстандық кино туралы өте аз білемін. Бірақ, біртіндеп қазақстандық режиссерлердің туындыларымен танысып жатырмын”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған

Мәдина Сәдуақасова құрбысы Қарақат Әбілдина берген көйлекті не себепті кимей қойғанын айтты

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Төреғали Төреәлі жанды дауыста ән айта алмай, масқара болды (видео)

Талқылау