Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір спортшымыз қола жүлдегер атанды

Ауыр атлетикадан 62 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Фархад Харки қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

қола

Ауыр атлетикадан нәтижеміз күн сайын жақсарып келеді. Жарыстың алғашқы күні Маргарита Елисеева бесінші орын, кеше Арли Чонтей төртінші орын алып еді. Бүгін Харки үштікке ілінді.

Фархад жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтады.  Ол алдымен 135 келіні көтерді. Одан соң екі мәрте 140 келіге екі рет тапсырыс берді. Бірақ бағындыра алмады. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтап, кіші қола жүлдеге ие болды.

Ал серпе көтеруде жерлесіміз 170 келіні көтеріп,  қос сайыстың қорытындысы бойынша 305 келімен қола жүлдегер атанды.

Алтын жүлдені колумбиялық зілтемірші (320 келі) Оскар Фигероа алса, күміс медаль индонезиялық спортшы Эко Юли Ираванға (312 келі) бұйырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасына үшінші жүлде түсті. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілеген  еді.

 

Талқылау