Тағы бір қазақ отбасы баласын көшеге тастап кетті
Алматыда жол бойынан ұзақ уақыт бойы жалғыз тұрып қалған 4 жасар ұл бала табылды. Полиция көшеде қалдырылып кеткен 4 жасар ұл баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.
Бұл туралы Алматы қаласы, Бостандық ауданының ІІД хабарлайды.
Бала Бостандық ауданы ішкі істер басқармасына жеткізілді.Көліктер қаптаған магистраль бойында ата-ананың қарауынсыз қалған бөбектің суреті мен ол туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.
Өтіп бара жатқан жүргінші Асқаров көшесінің бойындағы шеңберде бір бөбектің көп уақыттан бері жалғыз тұрғанын айтып хабарласқан. Қасында әке-шешесі болмаған. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі инспекторы баланың жасы 4-те екенін айтты. Баланың айтуынша, оның есімі – Асылжан. Қазір оның ата-анасы іздестіріліп жатыр.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”
