Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір қазақ Қытайда таланттар байқауына қатысуда (видео)

Қазақстан атынан Ғалымжан Әуесбай есімді акробат Қытайдағы Reality Show Talent шоуына қатысып жатыр.

15-5

«YouTube-тен түрлі видеоларды көріп, арнайы кітаптарды оқитынмын. Осылайша, білгенімше дайындалатынмын. Аспанасты еліндегі жарысқа қатысу туралы идеяны таныстарымның бірі айтты. Көп кешіктірмей, ұйымдастырушыларға өзім жайлы мәліметтерді, видеоларымды жібердім. Арада көп ұзамай байқауға қатысуға шақырды», – деді Ғалымжан Әуесбай.

Байқаудың алғашқы кезеңі 2016 жылы қыркүйек айында Үрімші қаласында өткен. Бұл сында Ғалымжан бес орындықтың көмегімен өнер көрсеткен. Қазылар алқасы бірауыздан келесі кезеңге жолдама берген болатын. Ал қараша айына ұйымдастырылған байқауда он бір орындықпен қолынан келетін өнерін паш етті.

«Байқаудың үшінші кезеңі ақпан айының ортасында өтеді. Төрт шыны бөтелкеге төрт орындықты қойып, оның үстіне тағы төрт бөтелке мен төрт орындыққа шығып, талантымды көрсетуді жоспарлап отырмын», – деді акробат.

Reality Show Talent шоуының жеңімпазы төрт кезеңнен кейін анықталады.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған ол бүгінде Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы театр факультетінің 3-курс студенті. Акробатикаға деген қызығушылығы тек жоғары оқу орнына түскен соң ғана артқан, деп жазады Егемен Қазақстан газеті.

Жіберіп алмаңыз:

Джеки Чан неткен бақытты. Қазақ ақынының Димашқа арнаған өлеңі көпшілікті сүйсінтті

Димаш Қытайда қарсыласының үйінде қонақта болып өз қолымен тұшпара әзірледі

Қайрат Нұртас Димаштың әлі де өз әні мен стилін таппағанын айтты

Талқылау