Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Түспей қалуым мүмкін”: Роза Рымбаева не себепті фонограммаға жоламайтынын айтты

Бүгінде отандық эстрададағы әртістердің фонограммаға жиі жүгінетіні жасырын емес. Той-томалаққа шықса да, концертке қатысса да, әншілердің біразы дайын жазбаны қосып, аузын жыбырлатып тұруға үйренген. Ал Роза Рымбаева үшін бұл – қиын іс.

Роза Рымбаева

“Таңшолпан” бағдарламасында Роза Қуанышқызы не себепті фонограммаға жоламайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.

“Бір жаман қасиетім бар, фонограммамен аузымды ашып, оған түспей қалуым да мүмкін. Мен фонограмманы 100 пайыздың 1-уінде ғана қолданатын шығармын. Себебі жанды дауыспен емін-еркін айтасың. Тіпті, кей сөздердің орнына екінші сөздерді орындап кетуің мүмкін. Нағыз қазір көз алдымда болып жатқан шығармашылық”, – дейді Рымбаева.

Роза Қуанышқызының сөзіне қарағанда, халық сезіммен айтылған әнді жақсы көреді. Мұндайда тыңдармандар әншінің жанды дауыста не фонограммамен ән салып тұрғанына қарамайды.

“Театр актерлері мысалы, импровизацияға кетіп қалады. Себебі ол шын жүректен шығып жатқан дүние. Жанды дауыс та сол. Фонограмма деген қатып қалған дүние. Соған түсе аламын ба, жоқ па деп, қайта сөзін ұмытып қалуың мүмкін. Соған бағынышты болып тұрасың. Жүрек те, сезім де, эмоция да бәрі айдалада қалады. Мен үшін фонограммамен ән айту – ең қиын дүние”, – дейді Халық артисі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр