Сақ бол, Баян: Түсіпбаева сериалды сынаған зиялылардың президентке дейін баратынын айтып қорқытты

“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясы аясындағы даудың аяқталар түрі жоқ. Бұған дейін Баян Алагөзованы сынап, фильмге кеткен ақшаны қайтаруды талап еткен Меруерт Түсіпбаеваның продюсерге деген өкпесі қара қазандай. Әнші “фильмнен рөл сұрады” одан қалса “тапсырыспен маған жала жапты” деген Баянның сөзіне жауап берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түсіпбаева тақырыпты жылы жауып қойғысы келгенін айтады. Алайда Алагөзова БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, әншінің шамына тиетіндей сөздер айтқан соң Түсіпбаева жауап беруді жөн деп шешкен.

“Алагөзова тақырыптан арнайы ауытқымасын… Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, ол менің байымды тартып алып па еді‍ оған өшігетіндей?! Осы тақырыпты жаба салайын деп, қысқа күнге 40 рет ілік іздеп жүрген журналистсымақтарға сұхбат беруден бас тартып жүрсем…Интервью беріп анау-мынау деп қоймайды, аузымды қышытып….

Баян-ау! Сенің орныңда тып-тыныш отырар едім, тақырыпты ушықтырмай. 54 миллион әкеңнің қаржысы емес, мемлекеттікі ғой! Қытайда болсаң осы жағдай үшін сотталып немесе атылып кете барар едің ғой‍. Аяғың аспаннан салбырап түссе де. Былтыр ғана айып тағылған ағамнан қай жерің артық?! Заң барлығына бірдей емес пе ?Мемлекеттік тапсырыспен түсіріліп, xалықтың 54 млн қаржы ысырап қылған “Баян сулуыңды” жарамсыз, ұлтты қорлау деп тауып, кемшіліктеріңді тізбектеп жазған зиялы қауымның жанайқайына неге бір сәт құлақ түрмейсің?! “Мен жобаны құлаттым. Қолымнан келмеді, деңгейім жетпеді” деп қателігіңді мойындау да ерлік-ау?!” – дейді әнші.

Әнші ағаттық жіберген жағдайда өзге сала өкілдерінің жауапқа тартылатынын мысалға келтірді. Сондай-ақ, өзінің де әу бастағы мақсатын түсіндірді.

“Ұлттық мүддені қорлаған, шала жансар сериалға кеткен шығынды қайтартып, қайтадан тендер жариялап, білімді продюсерге түсірту еді менің ойым. Сөйте тұра, әу баста қойылған мақсат – президентіміздің “Руxани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық арнасының тиесілі уақытын жауып қана қоймай, қазақстандықтарға, әсіресе жас ұрпаққа тәлім-тарбие беретін, руxани азық болатын “Баян сулу-Қозы Көрпеш” сериалын өңделген, жаңа күйінде ұсыну! Сен болсаң тақырыпты бұрмалайсың! Біресе рөл сұрады, біресе тапсырыс берді деп. Жерге түс, Баян! Тв саласына еңбегі сіңген атақты редактор Қайнар Олжайды оқы. Саған киемен ойнама деді. Қазақ киелі xалық. Сақ бол, Баян! Зиялы қауым президентке дейін бармақ… Одан да кешірім сұра xалқыңнан, сенімін ақтай алмадым деп”, – дейді Түсіпбаева.

Сондай-ақ, әнші өзімен соттасқан дизайнер Жадоның да сөзіне жауап берді.

“Құйысқанға қыстырылып Жадыра Меруерт өзі тусіріп көрсін депті. Өзі бірнәрсені қатырып тастағандай. Онда былай болсын, 54 миллионды қайтарыңдар, мен өзім түсіремін! Түсіре алмасам, бетіме келіп түкіріңдер! Тоқетері осы. Тақырып жабық”, – дейді Түсіпбаева.

Жіберіп алмаңыз: 

Сәкен Майғазиев “намаз оқыса да, ән салып жүр” деп сынағандарға жауап берді

Мәдина Сәдуақасова салтты білмеген күйеуінің жаңа үйленген кездегі қызықтарын айтып берді

Битіп биле: Ерке Есмаханның биі желіні шулатты (видео)

Біз де ауырғанбыз: Отандық жұлдыздар тыңдармандарына мінез көрсеткен кездерін еске алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар