Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде зорланған Наталья Слекишина үш миллион теңгеге ие болды

Уақытша тергеу изоляторында жыныстық зорлыққа ұшыраған Наталья Слекишина моральдық өтемақы ретінде үш миллион теңге алады. Мұндай шешімді кеше Алматы аудандық соты шығарды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вм

Аталған соманы зорлық нәтижесінде өмірге келген қыздың әкесі деп танылған Руслан Хакимов төлеуі тиіс. Қазіргі таңда түрме аумағында жұмысқа орналасқан Хакимов, жалақысын Слекишинаға аударып отырады. Сонымен қатар, Слекишина мен оның адвокаты алименттің есептелуіне де қол жеткізді. Бұл жалақының 25 пайызы.

Шабуыл жасады деп сотталған Наталья былтыр өзіне түрменің төрт қызметкері тиісіп, зорлағанын айтқан еді. Төрт күдіктінің арасынан тек Хакимов ғана айыпты деп танылып, 9 жылға сотталды. Қазіргі кезде уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Ермек Омарбековке қатысты тыңдау жүріп жатыр екен.

Әйелдің айтуынша, Омарбеков қылмыс туралы біле тұра ештеңе істемеген. Тіпті зорлық фактісін жасыруға тырысып бағыпты.

Еске салсақ, жақында ғана түрмеден шыққан Слекишина, өзінің қызы мен оның әкесіне қатысты ойымен бөліскен болатын.

Оқи отырыңыз:

Әблязовтің сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды (видео)

Жанжал: Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті

Қарағандыда күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел сотталды

Талқылау