Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрлі дертпен ауыратын жандар қандай тағамдар жеу керек

Ас қадірін білесіз бе?Медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы қандай тағамның әр түрлі дертке дауа болатынын жазды.

content-img

Тауық еті

Тауық еті көкбауыр және асқазанды қуаттандырады. Жел-құзды кетіріп, бүйректі жақсартады. Әйелдер босанғаннан кейін тауық сорпасын iшсе әлденеді, деп жазады академик желідегі парақшасында.

Шабдалы
Қанды нәрлендіреді және қан толтырады. Жапырағының шырынын ішсе іштегі құртты өлтіреді. Шабдалыны тамақтан бұрын аш қарынға жесе, тамаққа тәбетті арттырады. Ол асқазанында ыстығы бар адамдар үшін де пайдалы.

Бұл жемісті ащы нәрселермен араластырып жемеген дұрыс. Шабдалыны жегеннен кейін суық су ішуге де болмайды.

Қауын
Адамды семіртеді. Несеп жолын ашып, денедегі жабысқақ сұйықтықтар мен уды, сондай-ақ, бүйрек пен қуықтағы тасты айдап шығу рөлі бар.

Анар

Анар – тәтті және ащы болып екіге бөлінеді. Тәтті анар көкіректі босатып, жөтелге ем болады. Ащы анар жүрекке пайдалы. Адамның кеуде, көкірек бөлімі ауырғанда анар шырынымен арпа талқанын араластырып жесе, қақырықты түсіріп, бөгетті ашады. Сондай-ақ, анар қан толтыру қасиетіне де ие.

Таңқурай сусыны

Таңқурай сусынының қан толтыру, қан қысымын төмендету, ыстықты қайтаруға пайдасы бар. Қызылшамен ауырған балаларға таңқурай тамырын қайнатып ішкізуге болады.

Қияр суы

Адам денесінде С дәрумені тапшы болғанда, сулы ісік пайда болады. Қияр сусыны осы сулы ісікке ерекше шипалы. Жүрек ауруы, жоғары қан қысымы, бүйрек ауруы бар адамдар қияр сусынын үнемі ішсе денсаулығының жақсаруына пайдасы бар. Сонымен қатар қияр суын бетке жағатын болса, терінің сулық құрамын толықтырады, бетті ағартады.

Бұршақ көже

Бұршақтың түрі өте көп. Соның ішінде жасыл бұршақтан жасалған көже ыстықты басып, уытты қайтарып, бауырды жақсартады. Шөлді басып, сусын болудан тыс жағымды дәрілік тағамдардың бірі болып есептеледі. Бұршақ көжесіне қызыл бұрыш қосса, көкбауыр қызметін ретке келтіреді, сондай-ақ, оның несепті жүргізу, залалсыздандыру, уыт қайтару рөлі бар. Сондықтан жаздың ыстық күндері бұршақ көжесін ішу денсаулыққа пайдалы.

Жіберіп алмаңыз:

Шығыс-тибет медицинасының жетекшісі әр күнге арналған пайдалы 10 кеңесін ұсынды

Ғалымдар науқастарға әйел-дәрігерлерге қаралуға кеңес береді

Жаңа жыл мерекесі кезінде денсаулыққа қауіп төндіретін тағамдар

Талқылау