Түркияда мерзімінен бұрын босанған қазақстандық туристен 70 мың доллар талап етуде

Сейсенбі, 28 Маусым , 2016 17:02

Қазақстандық Елена Шевчукованы отбасымен бірге Түркиядан шығармауы мүмкін. Осы елде демалып жатқан ол мерзімінен бұрын босанып қалған. Нәресте 750 келі салмақпен туылған.

аа

Сурет: time.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сәби ұзақ уақыт бойы арнайы құрылғыда жатуы керек. Ал, ата-аналар ол үшін ақша төлеуі тиіс.

Елена Швчукова жүктілігінің 23-апталығында болған. Гинеколог дәрігер оны тексеру кезінде оған ешқандай қауіп жоғын айтып рұқсат қағазын берген. Елене медициналық сақтандыру қағазын сатып алып, демалысқа шетелге шыққан. Алайда, демалысының төртінші күні оның жағдайы күрт нашарлай бастаған.

Сәби 23 маусым күні дүниеге келген. Дәрігерлер оның дені сау екенін айтады. Алайда, нәрестені көтеріп жүруге болмайды. Оған біраз салмақ қосуы керек екен.
Сақтандыру компаниясынан берілген қаражат әйелдің еміне жұмсалған. келісім-шарт жасасқан кезде сәби әлі өмірге келмегендіктен оның өмірі мен денсаулығын сақтандыру мүмкін болмаған.

«Қазіргі уақытта компаниямыз оқиғаға байланысты ресми түрдегі медициналық есеп қағаздарын күтіп отыр. Алайда, әйелдің іші ауыруына байланысты толықтай сақтандырып, ақысын төлейміз деп айта алмаймыз»,- дейді Евразия сақтандыру компаниясының атқарушы директоры.

Сәбиге кеткен шығын толығымен ата-ананың мойнында. Ол шамамен 70 мың долларды құрайды.


Ата-аналар сыртқы істер министрлігінің жергілікті әкімшілігінен көмек сұраған. Олар бұл іске байланысты саудаласып көрді.

«Елшілеріміз сәбидің барокамерадағы бір күндік күтіміне 3 доллардан 10 долларға дейін төлейтіндей етіп келісіп берді», – дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Алайда ата-аналардың мұндай қаражаты жоқ. Ал қажетті соманы төлемесе оларды Түркиядан шығармауы мүмкін. Сондықтан ата-аналар қазақстандықтардан көмек сұрайды. Қаражат оларға 29 маусымға дейін керек екен.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте әйел дәретханада босанып қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Палуан says:

    Тыныш отпайма үйінде. Тағы көмек сұрайдығо.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар