Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда апатқа ұшырағандырдың үшеуі елге жетті

Түркияда жантүршігерлік көлік апатына ұшыраған 7 қазақстандықтың үшеуі елге аман-есен жеткізілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Көлік апаты кезінде Вадим, Батырхан, Диляра жеңіл жарақат алған. Талдықорған қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар қазір Алматы қаласында емделіп жатыр. Ал, Нұрсұлтан, Алмагүл, Асыл және Айдын есімді жастар әлі де төсек тартып жатыр. Дәл қазір оларды елге жеткізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

“Бәрі өрімдей жастар. 1992 жылы туған менің бауырым Нұрсұлтан сонау мектеп кезінен Алмагүлмен жүретін. Осы жақында ғана, 9 қыркүйекте тойын өткізгенбіз. Сонда достары Түркияға жолдама сыйлаған еді. Бал айының соңы осындай болады деп ойламаппыз, әйтпесе жібермес едік қой”, –  дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Эльзира.

Талдықорған қаласының  әкімдігі апатқа түскен жастардың ата-аналарымен, туған-туыстарымен хабарласып, қандай көмекке мұқтаж екендерін сұрады. Ал ата-аналар өз кезектерінде балаларының елге аман-есен әкеліп, қажетті медициналық көмектер көрсетілгенін сұрап отыр. Әкімдіктің сөзіне сенсек, қажет болған жағдайда жастар Алматы немесе Астана қалаларының ауруханасына тегін жатқызылады.

Еске салайық, 21 қыркүйек күні алматылық және талдықорғандық туристер Түркияда аса ауыр жол апатына түсті. Апаттан төрт түрік азаматы қаза тауып, қазақстандықтар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда зейнеткерді тонап кеткен студент қыз сотталды

Енді мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан қуылады

Қостанайлық мұғалім “ақылды киіз үй” ойлап тапты

Министр: Интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап берулері керек

Талқылау