Түркияда 4000 шенеунік қуылып, телевизиялық шоулар жабылды

Жексенбі, 30 Сәуір , 2017 14:33

Бүгін Түркияның T.C. Resmi Gazete газетінде президент Реджеп Ердоғанның 4 мыңға жуық шенеунікті жұмыстан босату және түркиялық атақты телевизиялық шоуды жабу бойынша мемлекет басшысының үкімі шықты.

turtsiya

Бұл туралы Qasym.kz хабарлайды.

Қуылған шенеуніктердің 2016 жылғы әскери төңкеріске қатысы бар болуы мүмкін. Түркия Президентінің үкіміне сәйкес, Әділет министрлігінің 1127 қызметкері, мыңға жуық әскери шенеуніктер, 484 ғылым саласының қызметкерлері және Дін істері министрлігінің 201 қызметкері орындарын босатты. Үкімде барлық 4000 шенеуніктің аты аталған.

Сондай-ақ Президент үкімі бойынша Түркиядағы танысу мен үйлену тойына арналған атақты телевизиялық шоу жабылды. Ердоғанның есептеуінше, бұндай арсыз шоулар Түркияның телеарналарында көрсетілмеуі тиіс. Және дәл бүгін Түркияда «Википедия» ашық энциклопедиясы бұғатталды. Биліктің айтуынша, «Википедия» түркиялық мүддеге қарсы жұмыс жүргізген.

Естеріңізге сала кетейік, Ердоғанның билікте отырғанына биыл 14 жыл толады. Өткен жылы оппозициялық әскери күштер Анкараға басып кіріп, билікті өз қолдарына алмақ болған. Бірақ ел президенті ең қатаң шаралар қолданған. Сол әрекеттен кейін, 2016 жылдың жаз айынан бері Түркияда 120 мың адам қызметінен босатылып, 40 мың адам темір торға тоғытылған.


Жіберіп алмаңыз:

Ер адам сүйіктісімен саяхатқа кетпеу үшін теракт ойластырған

Қырғызстандағы қайғы: Елбасы Қырғыз президентіне көңіл айтты

Сауда Арабиясында алғашқы кинотеатр мен опера үйі ашылатын болды

Моңғолияда пластиктен жасалған құрастырмалы киіз үй ойыншықтар сатылымға шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар