Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия халқы Мейрамбек Бесбаевты шашу шашып қарсы алды (фото, видео)

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаевты Түркия қазақтары құшақ жая қарсы алды. Жат елдегі қандастарымыз Мейрамбекке шашу шашып, құшақ-құшақ гүлдерін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мейрамбек Бесбаев қазіргі таңда Еуразия Ұлттық университетінің магистранты болып табылады. Әнші Түркияның көне қаласы, екінші астанасы Ыстанбұлға курстастарымен бірге өндірістік тәжірибеден өту үшін аттанған.

Мейрамбек бұл сапарға жары Мархаббатты да бірге ерте кеткен.

Әншінің Түркияға табан тірегенін білген тыңдармандары барынша ізгі ниеттерін көрсетуге тырысып бағуда. Олардың бірі Мейрамбекті қонақ етсе, екіншілері Түркияның әсем жерлерін аралатып әлек.

Әншінің өзі дархан көңілді Ыстанбұл қазақтарына деген ризашылығын жеткізді.

“Шашуын шашып, ақ дастарханын жайып, ізгі тілектерін жаудырып қарсы алған Ыстанбұлдағы ағайындарға Алланың нұры жаусын”, – деп жазды ол инста-парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқын екеуіне қатысты бар шындықты айтты

Ninety one тобы алаяқ-кәсіпкермен соттасатын болды

Бүркіт пен Аиша шетелдің әнін 2 миллион теңгеге сатып алған (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

Талқылау