Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда қыз зорлағаны үшін іздеуде жүрген азамат полицияға өзі келіп берілді

Түркістанда ауыр қылмыс жасап қашып жүрген күдікті өз еркімен қадағалау органы өкілдеріне келді.

Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді. Қала прокурорының сөзінше, сезікті осы жылдың маусым айында зорлау қылмысын жасады деген күдікке ілінген болатын.

Алайда ол тергеу болып жатқанына қарамастан ізін суытқан. Оны табуға тәртіп сақшылары әрекеттенгенімен, нәтиже шықпапты.

Араға үш ай салып барып ол өзінің қорғаушысымен бірге прокурорға әділдік іздеп келгенін айтқан.

«Мұндай жағдай 17 жылдық тәжірбиемде алғаш рет болып отыр. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 3 ай көлемінде іздеуде жүрген адам, заңды өкілімен бірге келді. Ол «Түркістан қалалық прокуратурасы туралы сырттай естіп жатырмыз, біздің іс бойынша әділ бағасын берерсіз деп» прокуратураға өзі келді.

Оның бұлтартпау шарасын күзетпен ұстау туралы сот қаулысы шыққандықтан, сезікті жігіт қамауға алынды. Істің тергелу барысы енді прокуратураның бақылауында болады»,- деді Руслан Әбдірайымов.

 

Талқылау