Түркістанда ер адам студент қызды оңаша жерге сүйреп, зорламақ болды

Түркістанда зорлық ісіне қатысты ер адам іздестіріліп жатыр. Бұған дейін әлеуметті желіде бойжеткенді ер адамның зорламақ болғаны жарияланған еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жәбірленуші сотқа арыз жазып, ер адамның өзін зорламақ болғанын айтты.

Сараптама тағайындалып, күдіктінің түр-тұлғасы анықталды. Қазір іздеуде.

Желіде тараған видеода бойжеткенді жедел жәрдем қызметімен алып бара жатқаны көрсетілген. Видеода хабарландай, бойжеткен мешітке зиярат етуге келмеген. Ол қалада оқитын студент. Белгісіз біреу оның телефонын тартып алып, оңаша жерге сүйреген. Сол жерде киімін шешіп, зорламақ болған. Алайда бойжеткен қашып құтылған. Куәгерлер дереу полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған.

Аталған жайт ҚР ҚК «Зорлауға оқталу» бабы бойынша тiркелдi.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар