Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда 5 жасар қызын зорлаған әке: Күйеуі әйелінің сыртқа шығып кеткен мүмкіндігін пайдаланған

Түркістан облысында тағы бір бүлдіршін зорлықтың құрбанына айналды. 46 жастағы ер адам өзінің туған қызын айуандықпен зорлап тастады. Ол аз болғандай, азғын бүлдіршіннің денесін бірнеше жерінен пышақтап, соңынан өлтіріп тастаған.

Тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған қанды оқиға туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ел құлағын елең еткізген қанды оқиға Ордабасы ауданы аумағында болған. Отбасымен жалданып, қой бағып жүрген 46 жастағы ер адам неге екені белгісіз өзінің перзентіне зәбір көрсетіпті. 5 жасар қызын зорлап, соңында пышақтап өлтірген.

Қанды оқиға міне, осы екі бөлменің ішінде болған. Сол күні үйде күйеуі, әйелі және кәмелеттік жасқа толмаған қызы болыпты. Әйелінің сыртқа шығып кеткенін жақсы білген күйеуі сол күні араққа сылқия тойып алып, өзінің қызын аяусыз зорлаған. Артыншы бірнеше жерінен пышақ сұғып өлтірген. Соның салдарынан қабырғалар мен есікте қан іздері байқалып тұр.

Қанды оқиға туралы ең алғаш күдіктінің әйелі жұмыс берушіге хабарлапты. Іле шала полицейлер келіп, күйеуін алып кеткен. Ал, марқұм болған бүлдіршіннің денесін сот медициналық сараптамадан өткізуге жіберген. Белгілі болғандай, басты күдікті Арыс ауданының тумасы екен. Бұрын сотты болмаған. Бірақ, өмірде жолы болмай, үшінші мәрте үйленген екен. Бүлдіршін отбасындағы жалғыз қыз болған.

“Әйелі қашып кеткен бе, әйтеуір ана бір жерден звандаған ғой. Осындай жағдай болды деп. Жаңағы менің ағама. Ол түнде келген. Келсе мынандай екен. Менттер шақырған. Күндіз түс қайта ма болған екен, бұл түнде айтқан. Сандырақтаған ғой, көз алдында ешкім ештеңе істей алмайды ғой”, – дейді тұрғын.

Осы күні азғынның әрекетін естіген жұрт жағасын ұстап отыр. Бірі мұны айуандыққа теңесе, енді бірі бұған сенер емес. Ал, Ордабасы аудандық соты күдіктіні екі айға қамау жөнінде санкция берді.

«С деген азамат өзінің қызын зорлап, жыныстық қатынасқа түсіп, одан кейін ол қызды бірнеше рет денесінің әр жерінен пышақтап өлтірген. Соған байланысты жасаған әрекеттері аса ауыр қылмыс санатына жатқызылды. Оны бұлтарпау шарасы негізінде екі айға қамау жөнінде санкция берілді» – дейді Ордабасы аудандық сотының судьясы Алтай Қалықұл.

Бүгінде қылмыс болған малшының үйі қаңырап бос тұр. Осы жағдайдан кейін отанасы барлық көрпе төсегін жинап, төркініне кетіп қалыпты. Ауылдастарының сөзінше, бұл отбасы соңғы екі жылдан бері осында қой баққан.

Туған перзентін зорлап, ізінше пышақтап өлтірген азғынды қатаң жаза күтіп тұр. Егер оның ісі толық дәлелденетін болса, онда 25 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Қазір, күдікті қамауда. Тергеу басталып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау