Түркістан облысында жас қызды тірідей көміп тастаған. Оқиғаға қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Түркістан облысында бір топ жігіт жас қызды тірідей көміп тастаған. Олар мұндай сұмдыққа бармас бұрын қыздың басынан ұрып, зорлап, пышақтап тастапты. Бүгінде олар қылмыстық жауапқа тартылып, жазаланды. Тек біреуі әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz. газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Түркістан облысында жас қызды тірідей көміп тастаған. Оқиғаға қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Оқиға биылғы жылдың наурыз айында «Қайнар бұлақ» саяжайында орын алған.

Туған күнге жиналған жастар ішімдікке сылқия тойып алған. Артынша олардың арасында дау туыпты. Осы кезде 20 жастағы Юля есімді қонақ орнынан тұрып, кетіп алады. Мұнан кейін Алексей мен Сергей есімді жігіттер оны қайтармақ болыпты.

Юляны қуып жеткен жігіттерге қыз кемсіту сөздерін айтқан. Ашуланған жігіттердің бірі оған жұдырық ала жүгіріп, екіншісі оны тоқтатпақ болыпты. Осылайша Алексей мен Сергей төбелесіп қалады. Артынша татуласады. Біраз уақыттан кейін олар бос тұрған үйдің жанынан өтіп бара жатқанда Сергей бетіндегі қанды жуып тастау үшін сол үйге кіріп кетеді. Осыны пайдаланған Алексей Юлямен қарым-қатынасын жақсартпақ болыпты. Алайда бойжеткен оған тағы да сөз қайтарады. Бірден ашуға бой алдырған Алексей бетон тақтасының бір кесегін алып, қыздың басынан бір ұрған. салдарынан Юля есінен танып қалыпты.

Үйден қайтып келген Сергей не болғанын біліп, жерде ес-түссіз жатқан қызды тепкілеп, ұра бастайды. Артынша оны сол үйде көміп тастауды ұйғарады. Бойжеткенді қоршаудан асырып лақытырып жіберген жігіттер оны үйге қарай сүйрей жөнеліпті.

Бұрын түрмеден отырып шыққан Сергей қызды өзі көмгісі келмей, туған күнді атап өтіп жатқан үйдегі  18 жастағы Иван мен Олегті, 17 жастағы Николайды шақырып келеді. Ол өзімен бірге үйден үлкен пышақты ала кеткен. Сергей жігіттерді Юля қансырап жатқан үйге алып келіп, оны зорлауды бұйырады. Аздап қана дыбыс шығарған Юля ол кезде әлі тірі болған екен. Юляны зорлағаннан кейін, Сергей жігіттерге Юляны пышақтауға рұқсат етеді. Алайда ол жігіттердің «жұмысына» көңілі толмай, «қалай пышақтау керектігін» көрсетеді.

Мұнан кейін олар Юляны көмбей, өртеп жібермек болады. Жігіттерді үйіне жіберген Сергей қалған істі өзі тындырмақ болыпты. Алексей екеуі бензин алып келіп, бойжеткеннің үстіне құйған. Алайда оны қанша өртемек болғанымен, от өшіп қала берген.

Осыдан соң Сергей жігіттерді қайта шақырып әкеліп, қызды басқа үйге апарып жерлемек болыпты. Олар қансырап жатқан қызды сүйреп, екі көшеден кейін тұрған бос үйге алып барады.

Ақыры олар Юляны басқа үйге апарып көміп тастаған. Артынша сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталғандай, бұл кезде бойжеткеннің жүрегі соғып тұрған екен.

Оқиғадан кейін жігіттердің бәрі қашып кеткен. Жас жігіттер үйлеріне кетсе, Алексей Алматыға жол тартқан. Ал Сергей Ресейге қашып кетіпті-мыс.

Арада бір апта өткеннен кейін Алматыда жүрген Алексей полицияға барып, кінәсін мойындаған. Оны Шымкенттен келген полицейлер алып кетеді. Алексей құқық қорғаушыларды оқиға орнына алып барып, қызды қайда жерлегендерін көрсеткен. Анықталғандай, ол кезде Юляның өлімі туралы ешкім білмепті. Ол із-түзсіз жоғалып кеткен ретінде есепте тұрған.

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сергей мен Алексейге көмектескен жігіттер қылмыс туралы хабарламағандары үшін айыпталды. Олег пен Иван 3 жылға, ал Николай кәмелет жасқа толмағандықтан 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Ал Алексей топпен бірге қатігездікпен кісі өлтірді деп айыпталды. Алайда оған өз кінәсін мойындап келіп, тергеу амалдарына көмектескені үшін жазаның жеңілдеу түрі тағайындалып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгінде Сергейге халықаралық іздеу жарияланып, іздестіріліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар