Түркістан облысында куәгерлер мас күйінде жүрген “молданы” камераға түсіріп алды (видео)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы желіде тараған “мас күйіндгі молдаға” қатысты пікір білдірді.

Куәгерлер көшеде діни қызметкер секілді киінген ер адамның мас күйінде кетіп бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Ол өзін тәртіпсіз ұстап, дауыстап айқайлаған. Видеоға түсірушінің айтуынша, кадр Түркістан облысы Орбадасы ауданында түсірілген.
“Ер адам Діни басқарма қызметкері емес. Оның Түркістан облысындағы мешіттерге де қатысы жоқ. Оның киімі, басындағы шалмасы мүфтият бекіткен киім формасына сай емес. Шапан кигеннің бәрі молда емес”, – деді Діни басқармада.
Видеода ер адамның соңындағылардың “ақ тырна” деп айқайлағаны естіледі. Ел аузында дұрыс бағытта жүрмейтін емшілерді “ақ тырна” атап кеткен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды