Түркіменстан әйелдерді тек қолының саусақтары мен шұлығы көрініп тұратын киім киюге міндеттеді

Түркіменстан әйелдерге тек шұлығы мен қолының саусақтары көрініп тұратын киім киюді міндеттеді.

Түркіменстан әйелдерге тек шұлығы мен қолының саусақтары көрініп тұратын киім киюді міндеттеді

Бұл туралы centralasian.org-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) дереккөзі мен тәуелсіз ақпарат көздерінің ақпаратына сәйкес, елдегі киімге қатысты жаңа талаптар ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерге арналған екен.

Ендігі Түркіменстан әйелдері денесін түгелдей жауып тұратын киім киюі керек. Әйелдердің тек шұлығы мен қолының саусақтары көрініп тұруы тиіс.

«Түркіменстан хроникасы» басылымының хабарлауынша, әйелдер тырнақтарын боямай, жасанды кірпік, қас жапсырмай, шашын табиғи түске бояуы керек.

«Шенеуніктер тарихи және мәдени дәстүрді ұмытпау керектігін және ұлттық түбірімізден ажырауға болмайтынын айтты. Мемлекеттегі ер адамдар жұмысқа қара-қоңыр түсті костюм, ақ көйлек киюі керек. Сонымен қатар міндетті түрде галстук тағу тиіс. Ал әйелдер «Янлы» аталатын дәстүрлі көйлек, сары өрнектері бар “Ойме” киюі қажеті. Ал  көйлектің ішінен балак шалбарын кию міндеттеледі. Сондай-ақ, әйелдерге тырнақтарын боюға, жасанды кірпік жапсыруға тыйым салынды. Олар шашын тек табиғи түске бояуы қажет», – делінеді басылымда.

Оқи отырыңыз:

9 баланың әкесі өмір бойы белсіз болғанын аңдаусызда біліп қалды

Күйеу жігіт сең жүруінің салдарынан үйлену тойына қатыса алмай қала жаздады

Әйел дәретханаға кіру үшін көршілерін сотқа берді

Асырай алмадым: Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар