Түнімен ән айтқан Нұржан Керменбаевтың үстінен көршілері шағым түсірген

Әншінің көршісі болу қиынның қиыны. Шабыт келсе, уақытқа қарамайтын өнерпаздар көңілі қаласа, түн ортасына дейін ән айтуы мүмкін. Бұл орайда Нұржан Керменбаев көршілерімен сыйыса алмағанын айтады.

Нұржан Керменбаев
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көршілерінің тыныштығын бұзған қара баланың үстінен ақыры шақым түскен. Әйткенмен, Нұржанды таныған тәртіп сақшылары әншіге жай ғана ескерту жасаумен шектелген.

“Орыс әжелер келіп шағым тастайтын, арыз жазатын. Учаскелік полициялар келетін. Бірақ менің жүзімді көріп, танып Нұржан деп ескерту жасап, қой айналайын олай болмайды, білемін, түсінемін өнерпазсың. Дегенмен де түнгі 11:00-ге дейін не істесең істе, түнгі 11.00-ден көршілерді мазалама деп айтып кететін”, – дейді Нұржан.

Әнші кейіннен үйін ауыстырған. Жанын түсінетін әріптестерінің қасына келіп қоныстанған. Серікбол Сайлаубек, Ғаділбек Жаңай және Нұрлан Албан сынды танымалдар Нұржанның қазіргі көршілері.

“Нұрлан Албан біздің жалпы басымызды қосқан деп айтсақ болады. Өйткені, біз ол кісіні «Абыз ата» деп атаймыз. Біздің ауданның, біздің мекен-жайдың. Өйткені сол кісінің бастауымен, сол жақта өнер адамдары тұра бастады. Сол кісінің шақыртуымен де біз келдік”, – дейді Нұржан Керменбаев.

Сол сияқты Сәкен Майғазиевке де көршілері жиі шағымданады екен.

“Бір көршілерім бар төменде тұратын. Менің қыздарымның жүгіргенін көтере алмайды. Келіп үйімді басына көтеретін көршім бар. Менің ең ауыр сөзім: «Түшш, алтыным сабыр. Бала ғой деймін. Болды» Ұрыспаймын”, – дейді Сәкен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар