“Түк көрмеген”: Танымал журналист қазіргі жұлдыздарға қарап жиіркенетінін айтты

Танымал журналист Арман Сқабылұлы қазіргі қазақ жұлдыздарына қарап жиіркенетінін айтты. Қаламгер екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева, шекарадан заңсыз өтіп, қарияға дауыс көтерген Төреғали сынды әншілерді орнына қою керектігін кесіп айтты.

"Түк көрмеген": Танымал журналист қазіргі жұлдыздарға қарап жиіркенетінін айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Неге біздің осы уақытқа дейінгі үлкен жұлдыздарымыз, әншілеріміз – Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалар неге бұлай істемейді? Неге шулатпайды? Ашық денелерін көрсетпейді? Неге Кәмшат Жолдыбаева сияқты екі жігітпен сүйіспейді? Төреғали сияқты неге шекараны бұзбайды немесе сахнада тұрып, елді балағаттамайды? Біздің қазіргі эстрадада “бардак”. Әркім ойына келгенін істейді, тыйым жоқ. Осыған тоқтам жасайтын нәрсе керек.

Біздікілер түк көрмеген адамдар болады ғой. Жоқ болып, аяқ жағында не істерін білмей қалатын. Дәл сондай қылықтар жасайды. Төреғалидің де, Еркенің де әртүрлі қылықтары, өздері “хайп” дейді екен оны… Адам жиіркенетін нәрселерін жариялап, танымал болып жатырмыз деп ойлайды. Бұлар жиіркеніш тудырып жатыр. Ешқандай да сүйікті жұлдыз емес. Мен сияқты ойлайтын адамдар көп деп санаймын.

Өзіміз қолдан жасадық. Оларды тыйып ұстау мүмкін болмай кетті. Қазір демократиялық уақыт қой. Кім не істегісі келеді, істей береді. Бірақ телевизияда, эфирден көрініп жүрген адамдарға бұл жараспайды”, – дейді журналист.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар