Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Сырт келбетін өзгерткен Анджелина Джолиді көпшілік танымай қалды
Танымал актриса Анджелина Джоли жаңа фильмдегі рөлі үшін сырт келбетін өзгертіп тастады. 43 жастағы актрисаның суретін түсірілім алаңындағы әріптесі Дэвид Ойелоуо Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz.

Дэвид Ойелоуо желідегі парақшасында фильмінің түсірілімінің соңғы күнінде түскен суретін жариялады. Белгілі болғандай, Джоли «Come Away» аталатын фантастикалық фильмге түсіп жатыр.
«Come Away» фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды. Ғажайыптар еліндегі Алиса мен Питер Пэн туралы ерекше оқиға туралы сіздермен бөлісер сәтті асыға күтудемін», – деп жазды Дэвид Ойелоуо өз жазбасында.
Суреттен Анджелина Джолидің шашын сары түске бояп тастағанын көруге болады.
Өз кезегінде желі қолданушылары шашының түсін өзгерткен актрисаны танымай қалды. Десе де көбісі оның суретте бақытты көрінетінін әрі жаңа шаш үлгісінің жарасатынын айтып жатыр.
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"