Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады

Америкада 12 жасар қыз сыныптасын пышақтады. Оқушы қыз сот шешімімен 25 жылға жындыханаға жатқызылады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Фото: sputniknews.kz

Оқиға 2014 жылдың маусымында Висконсин штатында болған.

Полицияның айтуынша, Анисса Вейер мен Морган Гейзер сыныптастарын алдап орманға апарған. Вейер құрбысына 19 рет пышақ сұққан, алайда жәбірленуші аман қалды. Ол кезде үш қыз да 12 жаста болды.

Жауап алу барысында қылмыс жасаған екі оқушы Жіңішке адам (Слендермен) туралы әңгімелерден жігерленіп, құрбыларын өлтіру арқылы оның көмекшісі болуды ойлағанын айтты.

Сот шешімімен Вейер мерзімінен бұрын шығуға өтініш бермес бұрын, психиатрия ауруханасында кем дегенде үш жылын өткізеді.

Жіңішке адам, немесе Слендермен (Slender Man) — ойдан шығарылған кейіпкер. Ол туралы әңгімелер интернет-қауымдастықта 2009 жылдан бері кең тараған. Қолдары ұзын қаскөй балаларды ұрлайтын көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Ханзада Гарри мен актриса Меган Маркл құдаласу сәтіндегі суреттермен бөлісті

Сұйық оттегінің жұмысын тексермекші болған ғалымдар таска итін тұншықтырып, елден сөгіс естіді

Аустралияның бір ғасыр бұрын жоғалған сүңгуір қайығы табылды

Талқылау