Сұлтанқызы: Жұбайымның өткенін құрметтеп, балаларымен араласамын

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 13:04

Көп адам 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шыққан Ләйлә Сұлтанқызын айрандай ұйыған отбасының шырқын бұзды деп айыптап, оның қазіргі таңда балаларын әкесіз асырап жатқанын айтқан-ды. Тележүргізуші мұндай өсек сөзге керең болуды құп көрмей, бар сұрақтың нүктесін өзі қойды.

ыву

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ләйлә Сұлтанқызы ешкімнің отбасын ойрандамаса да, бойдақ азаматқа тұрмысқа шықпайтынын өзі сезген. Бұл туралы “Аңыз адам” журналына берген сұхбатында “Сездім. Бойдақ жігітке тұрмысқа шықпайтынымды да білдім. Өйткені, өмірде өз орнын тапқан, белгілі кәсібі бар, ойы, білімі, өмір сүру салты қалыптасқан жігіттердің, біріншіден, жасы үлкен, екіншіден, басы бос болмайды. Сенің қанша жыл бойы тырбаңдап, өз еңбегіңмен жетілгеніңді, сөйтіп жүріп жан-жағыңа көз салуға шамаңның болмағанын кім біліп жатыр? Бірақ Алладан шын тілесең, бәрібір жақсы адамды кездестіреді екен. Мен өз тағдырымнан әбестік көрмеймін. Иә, ол кісінің бірінші отбасы болғаны, ол әйелінен үш перзенті бары рас. Қайрат әу баста-ақ ештеңені жасырмай, бәрін ашық айтты. Қосылған күннен бастап мені жарым деп жанына ертіп жүрді” деп шындықты айтты.

лшек

Жұбайын алғаш 21 жасында көрген. Бұдан кейін арада жеті жыл өткен соң “Сунекеш” тобының солисі Мақпалдың тойында жүздеседі. Екеуін Жанатбек Бәйтеков таныстырады. Халық қалауы болуға үміткер болуды жоспарлаған Қайрат мырза Ләйлә ханымнан жұмысқа байланысты көмек сұрап, телефон нөмірін алады. Артынша сезімін білдіріп, жұмысына жиі баратын әдет шығарады. Журналист өзінің отбасылы адаммен көңіл қоса алмайтынын айтып, бұл әрекетіне қатты ашуланған екен. Кейін мән-жайды білген соң көңіл қосып, отбасын құрады.

Қазірдің өзінде оқырмандар Ләйлә ханымға жұбайы мен оның бірінші отбасымен қарым-қатынасы туралы көп сұрайтын көрінеді. Мұндай сұрақтардың жауабын өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.

VAG37141

“Балаларымның әкесі бар. Өзі туралы айтқызбайды, мен де айтқым келмейді. Алдында отбасы болған. Өткенін құрметтеймін, балаларымен, келіндерімен араласамын” деп жұбайының бірінші отбасымен араласуына қарсылығы жоқ екенін білдірді.

Бұдан өзге журналист аз уақыт ішінде 86 кг салмақтан 61 салмаққа дейін арықтағынаны айтты. Аз уақыт ішінде 25 кг салмақ тастағанын, мұнымен тоқтап қалмайтынын да жасырмады. Жасы қырыққа таяп қалған екен, дәлірек айтсақ биыл желтоқсан айында 39 жасқа толады.

лш

“Әйел ретінде менде де тура сіздегідей проблема болады. Түсінбестік, ұрыс, реніш… Ақылмен шешуге тырысамын. Аяғым ауыр емес. Бірақ қыз балалы болуды армандаймын. Денсаулығым “аттай” деп әлі де перзент сүюге дайын екенін жеткізді.

Ләйлә Сұлтанқызының жауабына риза болған оқырмандар оған алығысын айтып қана қоймай, көкейінде жүрген өзге сұрақтарын қоюға кірісті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

28
Комментариев
  • Қазақ баласы says:

    Тоқалға қарсы шыққандарға сабақ болды ғой. Ойын ашып айту, өзі туралы жасырмай шындығын айту оның арының тазалығы деп ойламын. Басқа ұлттың бәйбішесі болғаннан өз ұлтымыздың жігіттерінің тоқалы болу әлдеқайда жақсы. Жарайсыз.

    • Anonymous says:

      Сіз өте сұлусын байсалдысыз тартымдысыз жақсы журналист жүргізушісіз сізге сәттілік тілеймін тек қана АЛҒА

  • дуйсенбаева меирамгул says:

    ляйла султанкызы сйздн суреттеринизди корип танкаламын жубаиыныз екеуйнйз жарасып отырсыздар екй балапандардын кызыгын корйниздер ары караи жалгасын табыныз

  • Анонимно says:

    Сизге катты кызыгам

  • Жұмбақ жан says:

    Кереме

  • Жұмбақ жан says:

    Маган катты унаиды

  • Жұмбақ жан says:

    Ляйла апай маган катты унайды! Жумысынызга табыс екы улыныздын кызыгын корыныз… айел бакытын,Ана бакытын тилеймын!!!!

    • Anonymous says:

      Онын соны тири жетимге . Ажырасуга акеп согады

  • Жұмбақ жан says:

    Маладес

    • Anonymous says:

      Лайла мен сізді өте құрметтеймін сіздің болмысыңызға қызығамын

  • Жұмбақ жан says:

    Ләйлә сіңлімді өте құрметтеймін.Білікті журналист,ұлттық салтымызды дәріптеуші,мағыналы да мәнді сөз айтатын керемет адам!Адам өмірінде әр қилы кезеңдерді бастан кешіп жатады.”Жаңылмайтын жақ,сүрінбейтін тұяқ” жоқ.Бұл әрқайсымызға тән жағдай.Бұл Ләйлә сүрінді дегенім емес.Өз ойын ашық айтып,өмірінде болған жағдайды бүкпей түсіндіріп жатыр.Ол құрметке,қошеметке,бақытты ана және жар аталуға лайық азаматша.Болып та жүр.Өте сыйлаймын.Ләйлә жүргізетін хабарды ұнатамын.Өкініштісі,хабар мен жұмыста болған кезде өтетіні және хабарласуға мүмкіндік болмайтыны(көрген кезде).Қазақ тілін жетік білетін жас қыз-жігіттерді жанына алып сан қилы теледидар сырын үйретсе деген тілек бар.Ләйләдай адамнан үйренбесе,кімнен үйренеді?

  • Жұмбақ жан says:

    Нағыз қазақи қатын деуге болады!Сөз төркінін дұрыс түсінген адамға қатын деген сөз жаман сөз емес!Қатын деген атаққа ие болудың. өзі бір дәреже біле білгенге!!!Лəйлə ханым жаман адам емес деп ойлаймын!Сізге шекесі торсықтай ұл мен қиғаш қас тәтті тәтті сəбилерді сүюді Алла жазсын!

    • Марзия says:

      Ассаламу алекум Лайла апше мен сизди оте жаксы коремин сиздин багдарламанызды суйип коремиз мен Озбекстан каласында турамын Бакытты болын жумсынызга саттилик отбасынызга береке кирсин тек кана алга Елимиз тыныш Аспанымыз ашыкболсын

  • Бекжан says:

    даусы ең әдемі, анық, таза сөйлейді, өзі де өте әдемі. Ғашықпын мен оған.

    • Ай says:

      Жарайсыз…..Лайла апай…..бирақ байбишеси ренжимедиме кен ииии бир жагынан тамаша бақытты болыныздар.ююю

      • Анонимно says:

        Лəйлə алға сəттілік

        • Anonymous says:

          Мен Ләйлә Апайды жақсы көремОл кісінің дауысы да,өзі де әдемі! Болашақ жарым Ләйлә Апай сияқты болса деп армандайм!

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар