Сұлтанқызы: Жұбайымның өткенін құрметтеп, балаларымен араласамын
Көп адам 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шыққан Ләйлә Сұлтанқызын айрандай ұйыған отбасының шырқын бұзды деп айыптап, оның қазіргі таңда балаларын әкесіз асырап жатқанын айтқан-ды. Тележүргізуші мұндай өсек сөзге керең болуды құп көрмей, бар сұрақтың нүктесін өзі қойды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ләйлә Сұлтанқызы ешкімнің отбасын ойрандамаса да, бойдақ азаматқа тұрмысқа шықпайтынын өзі сезген. Бұл туралы “Аңыз адам” журналына берген сұхбатында “Сездім. Бойдақ жігітке тұрмысқа шықпайтынымды да білдім. Өйткені, өмірде өз орнын тапқан, белгілі кәсібі бар, ойы, білімі, өмір сүру салты қалыптасқан жігіттердің, біріншіден, жасы үлкен, екіншіден, басы бос болмайды. Сенің қанша жыл бойы тырбаңдап, өз еңбегіңмен жетілгеніңді, сөйтіп жүріп жан-жағыңа көз салуға шамаңның болмағанын кім біліп жатыр? Бірақ Алладан шын тілесең, бәрібір жақсы адамды кездестіреді екен. Мен өз тағдырымнан әбестік көрмеймін. Иә, ол кісінің бірінші отбасы болғаны, ол әйелінен үш перзенті бары рас. Қайрат әу баста-ақ ештеңені жасырмай, бәрін ашық айтты. Қосылған күннен бастап мені жарым деп жанына ертіп жүрді” деп шындықты айтты.
Жұбайын алғаш 21 жасында көрген. Бұдан кейін арада жеті жыл өткен соң “Сунекеш” тобының солисі Мақпалдың тойында жүздеседі. Екеуін Жанатбек Бәйтеков таныстырады. Халық қалауы болуға үміткер болуды жоспарлаған Қайрат мырза Ләйлә ханымнан жұмысқа байланысты көмек сұрап, телефон нөмірін алады. Артынша сезімін білдіріп, жұмысына жиі баратын әдет шығарады. Журналист өзінің отбасылы адаммен көңіл қоса алмайтынын айтып, бұл әрекетіне қатты ашуланған екен. Кейін мән-жайды білген соң көңіл қосып, отбасын құрады.
Қазірдің өзінде оқырмандар Ләйлә ханымға жұбайы мен оның бірінші отбасымен қарым-қатынасы туралы көп сұрайтын көрінеді. Мұндай сұрақтардың жауабын өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
“Балаларымның әкесі бар. Өзі туралы айтқызбайды, мен де айтқым келмейді. Алдында отбасы болған. Өткенін құрметтеймін, балаларымен, келіндерімен араласамын” деп жұбайының бірінші отбасымен араласуына қарсылығы жоқ екенін білдірді.
Бұдан өзге журналист аз уақыт ішінде 86 кг салмақтан 61 салмаққа дейін арықтағынаны айтты. Аз уақыт ішінде 25 кг салмақ тастағанын, мұнымен тоқтап қалмайтынын да жасырмады. Жасы қырыққа таяп қалған екен, дәлірек айтсақ биыл желтоқсан айында 39 жасқа толады.
“Әйел ретінде менде де тура сіздегідей проблема болады. Түсінбестік, ұрыс, реніш… Ақылмен шешуге тырысамын. Аяғым ауыр емес. Бірақ қыз балалы болуды армандаймын. Денсаулығым “аттай” деп әлі де перзент сүюге дайын екенін жеткізді.
Ләйлә Сұлтанқызының жауабына риза болған оқырмандар оған алығысын айтып қана қоймай, көкейінде жүрген өзге сұрақтарын қоюға кірісті.