Суға түсіп кеткен телефонды жылдам жөндеуге арналған тиімді кеңестер (фото)

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 17:13

Кейде ұялы телефон суға түсіп кеткеннен кейін, оның байланыс және құрылымдық жүйесі істен шығып қалып жатады. Ондай кезде бірінші кезекте қандай шаруалар атқарылуы керек екені туралы кеңестерді қабыл алыңыз.

svvs

Фото: mobileleader.ru

Бұл туралы AdMe.ru  хабарлайды.

Телефон сумен бүлініп қалған кезде көп ретте арнайы сервис орталықтарының көмегіне жүгінуге тура келеді. Алайда оған мүмкіндік жетпеген жағдайда, мына кеңестерді орындауға болады.

Ұялы телефонды тез арада судан шығарып алып, сөндіріп қою керек. Телефонның бөлшектері небәрі бірнеше секундтың ішінде суды сіңіріп алады. Сол себепті оның толық кепкеніне көз жеткізбестен телефонды қоспаңыз. Су тиген жағдайда құрылғы матасып қалуы мүмкін.

16664665-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-1-Version-3-1471863641-650-d9127603c1-1472019817

Фото:© wikiho

Телефонды судан шығарған соң, бірден оның қақпағын ашып, батареясын алып тастаңыз. Сол арқылы сіз құрылғының ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайсыз. Телефонды және оның бөліктерін қағаз майлықпен, сүлгімен не жұмсақ матамен сүртіңіз.

16665215-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-6-Version-3-1471870717-650-d9127603c1-1472019817

Фото: © wikihow

SIM-картаны да бөлек алып қойған дұрыс. Сосын оны да құрғақ етіп сүртіп шығыңыз. Телефонның өзі дайын болғанша SIM-картаға тиіспеген дұрыс.

16664865-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-4-Version-3-1471880136-650-d9127603c1-1472019817

Фото:© wikihow

Құлаққапты, жады картасын, сол сияқты телефонның ашық жерлерін бітейтін барлық қосалқы құрылғыларды алып тастаңыз.

16665265-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-5-Version-3-1471880277-650-d9127603c1-1472019817

Фото:© wikihow

Суды кетіру үшін шаңсорғышты пайдаланыңыз. Барлық суды кетіру үшін 20 минут шамасында телефонның әр бөлігін тазалаған дұрыс. Құрылғыны қайта-қайта аударып, барлық жағынан ылғалдылықты тартып алу керек.  Телефонды шаңсорғышқа тым қатты жақындатпаңыз. Ондай жағдайда статикалық электр пайда болып, құрылғы одан сайын құртылады.

16665115-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-7-Version-3-1471880693-650-d9127603c1-1472019817

Фото:© wikihow

Телефонды кептіру үшін шаш кептіргішті мүлдем қолданбаңыз. Себебі шаш кептіргішпен сіз суды одан әрі телефонның ішіне кіргізіп алуыңыз мүмкін. Бұл әсіресе телефонның ішіндегі электронды компоненттер үшін қауіпті. Сондай-ақ, телефонның кейбір бөліктері еріп кетуі мүмкін.

16665065-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-8-Version-3-1471880804-650-d9127603c1-1472019817

Фото: © wikihow

Телефонды құрғақ күріш толы пакеттің ішіне салып қойсаңыз болады. Себебі күріш ылғалдылықты жақсы сіңіреді. Сол себепті телефон мен оның аккумуляторындағы су күрішке сіңуі ықтимал. Телефонды күрішке салмас бұрын оның қақпағын ашып, аккумуляторын шығарып алған жөн. Күріш салынған пакетте телефонды кем дегенде 2-3 күн ұстаған жөн. Асыққаныңызбен ештеңе ұтпайсыз. Сол себепті бірнеше күн бойы телефоныңызды күріштің ішінде аударып-аударып тұрыңыз. Күріштің орнына силикогельді қолдануыңызға болады. Әдетте силикогель сатылатын аяқ киімдердің немесе басқа да тауарлардың ішіне салынады. Ол ылғалдылықты күріштен де жақсы сіңіреді. Мұндай жағдайда телефонды сағат сайын тексеріп тұру керек (алғашқы 6 сағатта). Егер оның бетінде су жиналып қалса, тағы да сүрткішпен немесе шаңсорғышпен тазалаған абзал.

16665015-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-9-Version-3-1471881222-650-d9127603c1-1472019817

Фото: © wikihow

Телефонды күн түсіп тұратын жерге қойыңыз. Шаңсорғышпен немесе күрішке салу әдісімен тазалаған күннің өзінде, құрылғыны қағаз майлықтың немесе сүлгінің үстіне қойсаңыз болады. Орамал құрылғыда қалған суды сіңіріп алады.

16664715-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-10-Version-3-1471881417-650-d9127603c1-1472019817

Фото: © wikihow

Кем дегенде 24 сағаттан кейін ұялы телефонның құрғақтығына көз жеткізіңіз. Оның әр бөлігін тексеріп алғаныңыз жөн. Егер телефон құрғақ болса, аккумуляторын салып, қосып көруге болады. Егер құрылғы қосылған кезде түсініксіз дыбыстар шықса, ол әлі дұрыс жұмыс істемей тұр дегенді білдіреді.

16664815-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-12-Version-3-1471881449-650-d9127603c1-1472019817

Фото: © wikihow

Егер телефоныңызды түрі құрғақ бола тұра, ол қосылмаса, батереяңыз отырған болуы мүмкін. Телефонды қуаттап, қайта қосып көріңіз.

Егер ол да көмектеспесе, онда қызмет көрсету орталығына жүгінуіңіз керек. Тек оған су кіріп кеткенін жасырушы болмаңыз. Бәрібір ол индикатор арқылы белгілі болады. Мәселені неғұрлым егжей-тегжейлі айтып берсеңіз, маманға да соғұрлым оңайға түседі.

16664765-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-13-Version-2-1471881499-650-d9127603c1-1472019817

Фото: © wikihow

Кеңестер мен ескертулер

16664965-728px-Save-a-Wet-Cell-Phone-Step-14-Version-2-1471925989-650-53c212670e-1472019817

  • Кейбір дүкендерде су болып қалған ұялы телефонға арналған жинақтар сатылады. Мүмкіндігіңіз болса, сатып алғаныңыз жөн.
  • Егер телефоныңызға тұзды су кіріп кетсе, оны таза суға малынған шүберекпен сүрткеніңіз жөн. Әйтпесе тұз кристаллдары аккумуляторды зақымдауы мүмкін.
  • Су құрылғыны шаңсорғышпен тазалаушы болмаңыз. Тоққа түсіп қалуыңыз мүмкін.
  • Телефонды қуаттағышқа қоспас бұрын кептірсеңіз болады.
  • Құрылғы бөліктерінің балқып кеткенін қаламасаңыз, телефонды ұзақ уақыт жылы жерде қалдырмаңыз. Телефон батареясын қыздырмаңыз, атылып кетуі мүмкін.
  • Телефонды өзім жөндеймін деп түгел ашып тастамаңыз. Бұл жұмысты өз ісінің кәсіби мамандарына тапсырғаныңыз абзал.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар