Stan.kz – «7-20-25» бағдарламасына арналған «Baspana-baqyt» хабарлар топтамасын ұсынады (видео)
Танымал тележүргізуші және актриса Майя Веронская «7-20-25» бағдарламасы жөнінде танымдық хабарлар түсіре бастады. Оның айтуынша, мұндай хабар түсіру оңай емес. Себебі әр күні халықтық ипотеканың мәніне терең бойлауға, қаржыгерлерге сұрақтар қойып, пәтерге иеленушілермен кездесуге тура келеді.
«Мен журналистпін ғой, содан да менің жазылушыларым өздері үшін өте өзекті көптеген мәселелерді шешу жолдарын қарапайым сөздермен айтып беруді сұрайды. Әлбетте, мұнда мәселенің мәселесі – тұрғын үй жағдайы. «7-20-25» бағдарламасы пайда болғалы бері бұл жөнінде өзімнің де кеңірек білгім келді, онымен қоса дәл осы бағдарлама бойынша сұрақтар да өте көп түсе бастады», – дейді Майя Веронская.
Тележүргізуші қазақ және орыс тілдерінде бес хабар түсіруді жоспарлап отыр. Майя Веронская екі тілге бірдей, сондықтан бағдарламаның барлық хабарларын өзі жүргізетін болады.
Stan.kz редакциясы бағдарлама шығарылымдарын 72025.stan.kz арнайы жобасында жариялайды.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті