Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Стамбұлда болған терактінің видеосы жарияланды

Стамбұлдың орталық бөлігінде екі жарылыс болып, ондаған адам құрбан болды, деп хабарлайды РИА Новости.

1092965
Бірінші жарылыс Астана уақытымен сағат 01.30-да Стамбұлдың орталық аудандарының бірі Бешикташтағы “Водафон Арена” стадионы маңында орын алды. Министрдің ақпаратына сәйкес, жарылыстар орын алған аудандардың бірінде футбол матчының күзетін қамтамасыз еткен полицейлер мінген автобус өтіп бара жатқан. Кейіннен ол екінші жарылыстың болғанын хабарлады. Болжам бойынша жарылысты жанкешті жасаған. Теракт 1,5 сағат бұрын Түркиялық “Бешикташ” және “Бурсаспор” командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды. Кейіннен “Бусаспорт” клубы оның жанкүйерлерінің зардап шекпегенін хабарлады.

Стамбұлдағы екі терактінің құрбандар саны 29-ға жетті. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Бұдан бұрын 15 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алды деп хабарланған.  Түркия президенті Тайып Ердоған Стамбұлдағы екі терктінің мақсаты құрбандар санын неғұрлым көп болуында екенін мәлім етті.

“Осы түні біз қайтадан террордың жексұрын жүзінің куәгері болдық. “Бешикташ” және “Бурсаспор” арасында матч өте салысымен орын алған тракт мақсаты құрбандар санының неғұрлым көп болуы екені түсінікті. Өкінішке орай бізде құрбан болғандар мен жарақат алғандар бар”,- делінген Түркия басшысының мәлімдемесінде. Сондай-ақ жарылыстарға байланысты 10 адамның ұсталғаны хабарланады.

Жіберіп алмаңыз:

Сот Ақтөбедегі теракті туралы бұрын айтылмаған деректерді жариялады

«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Пластиканың әлемдегі ең танымал құрбаны Джоселин көңілдесіне қайшы сұғып өлтірмек болды (фото)

Талқылау