Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стамбұлдағы терактіні жасады делінген қырғыз жігіті бұл айыптауды жоққа шығарды (видео)

Бірқатар БАҚ осыған дейін Стамбұлдағы теректіні жасаған Қырғызстан азаматы деген ақпарат таратқан. Алайда Түркиядан Қырғыз еліне ұшып келген Яхья Машрапов өзіне тағылған айыптарды теріске шығарды.

15844854_10154795987671963_5204247629594005451_o

Сол жақтағы – терактіні жасаған күдікті. Оң жақтағы – Қырғызстан азаматы

Бұл туралы kloop.kg хабарлайды.

“Мен теракті бойынша күдікке ілінген адамды білмеймін және менің төлқұжатымның қалайша интернетте таралып кеткеніне де таңмын. Мен өзім Қара-Сууданмын. 2011 жылдан бері базарда саудамен айналысып жүрмін. Ал теракт болған 31 желтоқсан күні мен Қырғызстанда болдым. Түркиядағы терактіге еш қатысым жоқ. 2011 жылдан бері Стамбұлға тек сауда мәселесі бойынша ғана қатынап жүрмін”, – дейді Машрапов.

Қара-Суу ауданы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны тергеген соң, босатып жіберген.

“1 қаңтар күні мен Бішкектен Стамбұлға ұшып келдім. Саудаға қатысты шаруаларымды аяқтағаннан кейін, әуежайға келіп ұшаққа отырдым. Осы кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ұшақтан түсіріп алды. 1 сағат бойы тергеді. Осыған байланысты ұшақ та бір сағатқа кешікті. Содан кейін олар теракті жасаған адамға түрімнің ұқсауына байланысты сұрау алғандарын айтып, кешірім сұрап, қайтадан ұшаққа отырғызды”, – дейді ол.

Бұған дейін әлемдік БАҚ болжам бойынша шабуыл жасаған Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов (Iakhe Mashrapov) болып шықты деп ақпарат таратқан еді. Reina клубында Санта-клаус костюмін кигендер атыс жасап, 39 адам қаза болды. 69 адам жарақаттанды. Бұл терактіні ДАИШ ұйымы өз мойнына алды. Шабуыл жасаған Өзбекстан не Қырғызстан азаматы болуы мүмкін деп күдіктелуде. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша 8 адам ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Қытайлық әйел 64 жасында босанды

7-сынып оқушысына тұрмысқа шыққан 20 жастағы қызға сот үкімі шықты

Тойда бұрынғы жігіті қалыңдықтың ұятсыз суреттерін көрсетті (фото)

Мектеп оқушылары ұстаздарымен бірге шешініп тастап бүкіл әлемді шошытты

Талқылау