Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жын ұрған” экскалатор жолаушыны өлтіре жаздады (видео)

Стамбулда метродағы экскалатор істен шығып, жолаушыларға қауіп төнді. Экскалатор қатты жылдамдықпен қозғалып, үстіндегі жолаушыларды төменге қарай сырғытып, құлатты. Бір жолаушы экскалатор астына түсіп кетті.

Оқыс оқиғаның видеосы желіде жаряланды.

Түркияның БАҚ-ның хабарлауынша,  оқиға 27 ақпанда, Стамбулдағы “Айязага” метро станциясында болған. Ол тек 1 айдан кейін жария болды.

Видеодан істен шыққан экскалатордан адамдардың қатты жылдамдықпен сырғып, құлағанын көруге болады. Тіпті, онда енді аяқ басқан ер адамды экскалатор жұтып қойды.

Ер адамды шығарып алуға 1 сағат кеткен. Кейін, ол ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз:

Кемеровадағы өрттен 41 бала қаза тапты

Сәтсіз әрі арзан татуаж қыздың қасын ұсқынсыз етіп тастады

Біз жетім қалдық: Ерлі-зайыптылар Кемероводағы сауда орталығының жанында балаларын жоқтады

Сарапшылар болашақтағы ең мықты саналатын елдерді атады

Дәретханаға түскен телефонды алмақ болған үш адам көз жұмды

 

 

Талқылау