Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спикер Серік Сәпиевке мәжілісті рингпен шатастырмау керектігін ескертті

Кеше ғана депутат атанған Серік Сәпиев кеше мәжілістің пленарлық отырысына қатысты. Сәйкестік дейміз бе, әйтеуір Олимпиада чемпионының бірінші жұмыс күнінде дене шынықтыру және спорт туралы мәселе қаралды.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жаңа депутатты әріптестеріне таныстырған спикер Нұрлан Нығматулин, мәжілісті рингпен шатастырмау керектігін де ескертті. Бәлкім, 2 ай бұрын біреуді ұрған видеосы үшін мандатынан айрылған Тінікеевтің креслосына отырғанын меңзеген болар.

Депутаттық төсбелгі таққан олимпиада чемпионы отырыс басталғанға дейін басты кейіпкер болды десек артық емес. Су жаңа әріптестері кезек-кезек құттықтап, естелікке суретке де түсіп жатты.

Серік Сәпиев деп жазылған 35 номерлі орын көзге оттай басылды. Олай дейтініміз, жаңа жылға дейін бұл креслода Мұхтар Тінікеев отырып келген болатын. 14 жылдай мәжілісте депутат болған Тінікеев мырза, мәслихат депутатын ұрған видеосы үшін дауға қалған еді. Артынша мандатынан да айрылды. Серік Сәпиевті депутат атануымен құттықтаған мәжіліс спикері әзіл-шыны аралас ескерту де айта кетті.

“Мәжіліс ринг емес әрине. Бірақ, небір жекпе-жекке бергісіз талқылаулар болады. Сондықтан саған бізбен бірге жеңістер тілейміз”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Серік Сәпиевтің бірінші талқылайтын заң жобасы спортқа байланысты екендігін де ерекше жағдайға балады. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл құжаттың басты ерекшелігі – бұрынғыдай футбол сынды белгілі бір спорт түріне ғана миллиондап қаржы бөлінбейтіндігінде деді.

“Рангтау деп жатырмыз ғой. Ол не үшін керек бізге? Бокс, күрестен басқа әр өңірдің ерекшелігіне қарап, біздің Қазақстанға тән емес спорттың түрлерін біз дамытуымыз керек. Оның ішінде ұлттық спорттың түрлеріне де Осы заң арқылы біз ұғымды кіргізіп жатырмыз. Бұл заңның пайдасы өте ерекше”, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Содан соң депутаттар өз ұсыныстарын айтты. Азат Перуашев былтырғы допинг дауларын еске салды. Олимпиада жүлдегер болып, миллиондап сыйақы алғандар допингпен ұсталса, барлық сыйлықтарын қайтару керек пе деді. Депутат тіпті жауапкершілікті күшейту мәселесін де көтерді.

Министр мұндай толықтыруды енгізуіміз мүмкін деді. Ал, жаңа ғана депутат атанған Серік Сәпиев бұл тұрғыда әріптестерімен келіспейді. Мәжілістегі екі олимпиада чемпионы Перуашев мырзамен отырыс соңында осы мәселені талқылаған сыңайлы.

“2 жыл бұрын сен ең биікте боласың, сені бәрі біледі, сен батырсы. Ал енді келіп одан бәрін тартып алады. Бұл ауыр сұрақ. Талқылау керек”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев.

Оқи отырыңыз:

Конституцияның атышулы 26-бабы өзгеріссіз қалатын болды

Мұхтар Тайжан заңдағы “Қазақстан азаматтары” сөзін “әркім” деп өзгертпеу керектігін айтты

Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады

Назарбаев: Қазақстан Конституциясының 23 бабына өзгеріс енгізіледі

Талқылау