"Қазақтың қыздары жарады": Say Mo мен Назиманың дуэті ресейліктерді тәнті етті (видео)
ТНТ арнасындағы «Песни» жобасына қатысып жатқан Say Mo мен Назима «Не говори» әнін орындады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Ерекше стилімен көпшіліктің көңілінен шыққан Назима мен Say Mo әділқазылар тарапынан да жоғарғы бағаға ие болды.
Say Mo мен Назима өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген видеосына көптеген пікір жазылып, Тиматидің тобында бақ сынап жүрген ару мен Назиманың өнеріне тәнті болды.
«Мен әннің керемет шығатынына күмәнданбадым. Say Mo екеуің жарадыңдар», «Екеуің де ғажапсыңдар. Назима, адамдарды өзіңе қарата аласың, ал Say Mo нақтылығымен ерекше», «Қазақтың қыздары жарайсыңдар! Сәттілік тілеймін», «Ұнады маған, сөзсіз жардыңдар. Ең керемет басталғаны артқы экранда Қазақстан деген жазу шыққаны кәдімгідей көтеріп тастады. Батыр қыздар біздің. Шаршамаңдар, екеуің бір-біріңді қолдап, демеуге тырысыңдар. Алға, Наzима мен Say Mo», - десті қолдаушылар.