Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сөзге келіспей қалған соң денесін бөлшектеп тастаған: Жезқазғанда ер адамның мәйіті табылды

2019 жылдың 12 маусымы күні Жезқазған су қоймасы жағасынан адам денесінің бөлігі табылды.

Қарағанды ​​облысы бойынша ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, Жезқазған қаласы ПД-нің қылмыстық полициясы мәйіттің жеке басын анықтады. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Полициямен жүргізілген шаралар нәтижесінде Жезқазған қаласының 55-жастағы тұрғыны анықталып, тұтқынға алынды. Ол ішімдік марқұммен бірге ішімдік ішкенін айтты. Екеуара жанжал туғанын, жәбірленушіні ұрып-соғып, оның мәйітін бөлшектегенін мойындады.

Осы факт бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.  Ұсталған адам уақытша ұстау абақтысына орналастырылды. Сараптама тағайындалп, тергеу жүріп жатыр. Бұдан өзге ақпарат жарияланбайды. 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Маусым, 2019 17:34
Талқылау