Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерді зорлаған қылмыскер ғаламтордан махаббатын іздейді

«Менің есімім Роберт Торрес. 1965 жылы Бадди-Холли өскен жерге жақын Лаббокада туылғанмын. Бойым 180 см. Салмағым 90 кг. Қоңыр көздерім зәйтүн түстес теріммен үйлесіп-ақ тұр. Бәрінен бұрын кітап оқып, достарыма хат жазғанды ұнатамын. Бірақ күнімнің басым бөлігі басс-гитарада ойнаумен өткіземін. Мен армандарыммен бөлісе алатын романтикаға жаны құштар әйелдерді іздеймін. Шынайы махаббат үшін жүрегі ашық әйелдермен қуана-қуана танысамын. Барлық хаттарға жауап беремін. Ал фотоңызды жіберсеңіз, жауап ретінде өз фотомды жолдаймын.  Сіздерді Құдай қолдасын! Жауаптарыңызды күтемін!»

160529061801_profile_640x360_friendonline.org_nocredit

Бұл жолдар қамауға алынғандардың танысу сайтындағы аса қатыгездікпен зорлағаны үшін түрмедегі 4 жыл мерзімін өтеп жатқан Роберт Торрестің жеке парақшасынан алынған. Ол 20 жыл бұрын Техаста медбике Лори Вильямсты зорлаған. Бұл уақытта көрші бөлмеде жәбір көрген әйелдің екі қызы ұйықтап жатқан еді.

Ал оның өзге де құрбандарының арасында 63 жастағы әйел мен оның 16 жастағы немересі бар. Жәбірлеуші сайттағы өзі жайлы ақпаратта бұл жайлы сөз қозғамаған.

Лори Вильямс арнайы түрде ғаламтордан Торрес туралы ақпарат іздеп, танысу бұрышынан оның жеке парақшасына ұшырасқан.

«Мен оның іс-әрекеті жайлы барлығын білгім келеді. Оның түрмеде отырғанын білемін. Бірақ дәл қазір оның қайда екенін, не ісітеп жүргенін білсем, жаным тыныш табады. Гугл-дан оның есімін іздеп отырып, танысу бұрышындағы парақшасын таптым», – дейді Лори.

Ол сол арада Техастың қылмыстық әділет Департаментіне хабарласып, Торрестің жеке парақшасын вебсайттан алып тастауларын талап етеді. Бірақ хабарлама friendonline.org бөлек ғаламтор сайты арқылы салынғандықтан, олардың мұндай өкілеттілігі жоқ екенін айтқан.

Түрмедегілердің ғаламторды пайдалануға мүмкіндігі болмаса да, олар қамаудағылармен хат алмасу бойынша ұйым қызметіне қағаз хат жолдау арқылы ғаламторға хабарлама сала алады. Бұл қызметтің сайтында қамаудағы адамның жеке парақшасы орналастырылып, мекенжайы көрсетіледі. Мұнан әрі хат алмасу пошта қызметі арқылы жүзеге асады. Мұндай қызмет түрі түрмелерде жарнамаланып та жатыр.

«Төбемнен жай түскендей болды. Себебі ол сотталып, түрмеде отырса да, бұрынғыдай әйелдермен танысып, олардың сезімдерін билеп, зиянын тигізе алады. Ол қатігез сексуалды маньяк. Бірақ онысын мойындамайды», – дейді Лори.

Осыдан кейін Лори бұл мәселені бей-жай қалдыра алмайтынын түсінеді. Ол change.org сайтында Техас штатының билігінен зорлық-зомбылық пен сексуалды сипаттағы қылмыс жасағандарға ғаламтор сайттары арқылы адамдармен достасуға тыйым салуы жөнінде сұралған петиция жариялайды. Мұндай заң Флорида мен Индианада өз күшіне енген. Петиция жүзеге асу үшін, 150 мың адам қол қоюы керек. Үндеу, ең алдымен, штат губернаторы Грег Эббот пен Техас қылмыстық әділет басқармасына жолданған-ды.

«Петицияға әлемнің түкпір-түікпірінен адамдар қол қоюда. Көптеген зорлық-зомбылық құрбаны бұл мәселені түпкілікті шешуге бел байлағаным үшін маған алғысын айтып, жылы сөздерімен демеуде», – деп қосады Лори.

Кей деректерде Торрестің танысу бұрышына ешқандай хабарландыру қалдырмағаны және ешкіммен хат алмаспағаны айтылған.

Техас штатының билігі қандай шара қолданбақ?

Техас парламенті өкілдерінің мүшесі Мэтт Шахин сексуалды сипаттағы қылмыс жасаған адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарын хат арқылы достасу мақсатында ғаламторда жеке парақша ашуларына тыйым салатын заң ойластыру жөнінде уәде берді.

Ал 2016 жылдың сәуір айында Техас қылмыстық әділет департаменті кей ережелерге өзгертулер енгізіп, қамаудағыларға өз атынан «Фейсбук», «Твиттер», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде жеке парақша жүргізуді тапсыруға тыйым салатын бап қосты.

Петицияға қарамастан, Лори қамауға алынғандардың сыртқы әлеммен қарым-қатынас орнатуына тыйым салуға шақырмайды.

Ал қамаудағылардың сыртқы әлеммен қарым-қатынасының дұрыстығының дәлелі бар ма?

«Өзге адамдармен хат алмасу қамауға алынғандардың түзелуі, психикалық ахуалы мен жай-күйінің жақсаруы үшін пайдалы болуы мүмкін», – дейді Бирмингем университетінің криминолог маманы Шарлотта Барлоу.

Қамаудағылардың сыртқы әлеммен байланысын жөн көретін Шарлотта өз сөзін былай жалғастырады: «Қамаудағылар жазған дүниенің бәрі тексеруден өтуі қажет. Және қамаудағыларға әлеуметтік желілер мен ғаламторға шектеу қойылуы тиіс. Оған қоса сексуалды сипаттағы қылмыс үшін қамауға алынғандар жолдаған және алған барлық хат тексерілуі керек. Олар көбіне адамдарды алдап-арбаудың шебері болып келеді, сондықтан кей жайлар байқаусыз қалуы мүмкін».

Америкалық азаматтық бостандықты қорғау одағының халықаралық түрмелік жобасының директоры Дэвид Фатхи қамауға алынған кез-келген адам оларға берілген сөз еркіндігінен айырылмауы керектігін айтады.

«Торрес өз жазасын тартуда. Ол түрмеде отыр. Мұнан да ауыр қылмысқа барған адамдар жаза ретінде бірден барлық құқығынан айырылмайды. АҚШ конституциясында бекітілген өз ойын білдіру қағидасы бойынша, егер сіздің сөзіңіз әлдекімге ұнамаса, естуге жағымсыз болса да, басқарманың аузыңызды жабуға құқығы жоқ», – дейді Фатхи.

Түрмедегі жәбірлеушімен көңіл жарастыру кімге керек?

Публицист, «Адам өлтіргіш еркектерді сүйетін әйелдер» кітабының авторы Шейла Айзенберг өлім жазасына кесілген ер адамдармен көңіл жарастырған 36 әйелмен сұхбаттасқан. Өз кітабында Айзенберг еркектердің өмір бойына бас бостандығынан айырылуы әйелдердің ықыласы аууына сеп болған деген қорытынды жасайды. Сұхбат берген әйелдердің барлығы күш көрсету, сексуалдық немесе психолгиялық зорлық-зомбылықты басынан өткерген.

«Өздерінің ойы бойынша, олар қарым-қатынастарын бақылауда ұстай алған», – деп қорытады Шейла Айзенберг.

Оған қоса Айзенберг қамауға алынғандардың көбі алдап-арбау қабілетіне ие екенін атап өтеді.

«Олар әйелдерді алдап, романтикалық жыр жолдарын жазған. Бірақ бір емес, бірнеше әйелдің жүрегіне жол таппақ болған», – дейді публицист.

Ал Texas Tribune газетінің хабарлауынша, Торрес әзірге ешқандай хат алмаған.

Лори үшін петицияның маңызы зорлық-зомбылық құрбандарының құқығын еске салып, олардың өзін қауіпсіз сезінуінде жатыр.

«Сотталған қылмыскерлердің алдында олар басымдыққа ие болуы тиіс. Қылмыскерлер сазайын тарту үшін, бірқатар адамдарға сотта көпшілік алдында куәлік беруге тура келді. Ал егер қамаудағылар сырттағы адамдармен емін-еркін араласа алса, олардың құрбандарына қауіп төнуі мүмкін. Демек, қылмыскердің құқығы өмірі уланған жәбірленушінің құқығынан артық болғаны ма?» – дейді Лори.

«Олар түрмеде отырғандықтан, қамаудағылар құқығы ерекше назарға алынады. Ал зардап шеккендерді жақтайтын ешкім жоқ. Және бұл дұрыс емес», – дейді Роберт Торрестің құрбаны Лори Уильямс.

Жіберіп алмаңыз:

Бас прокуратура: Желідегі таныстық көптеген жасөспірім қыздың жоғалуына себеп болады

Талқылау