Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотқа бермек болған: Қазақ әншісі түрік әнін ұрлағанын мойындамай қойды

Түркиялық әйгілі әнші Мұрат Япрактың әнін қазақшаға аударып, жаздырып алған Нұрсұлтан Нұрбердиев өзінің плагиат жасағанын мойындамай отыр. Өнер иесі әнді жарыққа шығармас бұрын түрік әріптесінен рұқсат алғанын айтады. Сөзіне сенсек, осы уақытқа дейін тек қана отандық авторлармен жұмыс істеген оның бірде бір әні дәл осы туынды сияқты хит болмаған.

Түркиялық әнші әнін ұрлаған қазақ азаматын сотқа беру үшін Қазақстанға келді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Оған дейін 15 шақты әнім болған. Осыған дейін плагиат жазбайтынмын. Тек қана Бауыржан Есебаев, Ерғали Көшербаев сынды белгілі авторлармен жұмыс істейтінмін. Неге екенін білмеймін, осы әнді тыңдап қалдым да, кәдімгідей көңіліме жақты. Осы әнді шығаруға бел будым. Авторын іздедім, Instagram-мен сөйлесіп, рұқсатын алдым”, – деген Нұрсұлтан Нұрбердиев ел арасында кеңінен тараған “Жүрек алдамайды” әнінің плагиатқа жатпайтынын атап өтті.

Алайда әнші сөз арасында алдымен әнге қазақша сөз жаздырып, тіпті аранжировкасын дайындап қойғанын айтып қалды.

“Мен оған әнді жібердім. Бірінші әнді жаздым, бірақ халыққа таратпадым. Бір әнні көшірмесін шығаратын болсам, ол әннен асырып шығаруға тырысамын. Ол өзі мен Стамбұлға шақырды. Бардым. Мен сол кісімен дуэт жазамын деген оймен бардым, өз дегеніме жеттім. Даусын алып келдім”, – дейді Нұрсұлтан Нұрбердиев.

Иә, қос әншінің қазақша-түрікше дуэті кейіннен әлеуметтік желіде пайда болды. Алайда бұған дейін Қазақстанға келген Мұрат Япрак өз әнін ұрлаған Нұрсұлтанды сотқа бергісі келетінін 31 арнаға берген сұхбатында айтқан болатын. Ол кезде тілшілерге берген жауабында Нұрбердиев автормен келісіп көруге тырысатынын мойындаған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау