Сот тыңдалымында Қуандық Бишімбаевқа қандай айыптар тағылғаны айтылды

Астана қаласының қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевқа қандай айып тағылып жатқаны айтылды.

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

«Сот отырысының алдын ала тыңдалымын ашық деп жариялаймын. Ашық сот отырысында Бишімбаев Қуандық Уалиханұлына қатысты «Пара алу», «Ірі көлемдегі өзгенің мүлкін заңсыз иемдену» баптары бойынша қылмыстық іс қарастылады», – деді сот төрешісі Әділхан Шайхисламов.

Сот алдында Бишімбаевтан басқа 22 адам келді. Олар “Orda Glass” ЖШС басқармасының төрағасы Дәурен Ибрашев, “Шымкентхиммонтаж” бұрынғы директоры Марат Қожабаев, «Металконструкция құрылыс зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Жақсылық Исабек, “Байтерек DEVELOPMENT” АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбеков, “Байтерек DEVELOPMENT” АҚ департаментінің бұрынғы басшысы Бауыржан Айтымбетов т.б.

Қуандық Бишімбаев бірнеше рет апра алған және Қызылордада шыны зауыты құрылысы кезінде 1 млн теңге ұрлаған деген күдікпен 2017 жылдың 12 қаңтарынан бастап қамауда отыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Бишімбаев “Orda Glass” ЖШС және “Шымкентхиммонтаж” ЖШС арқылы зауыт құрылысына бөлінген ақшаны ұрлауға қатысты қылмыстық жоспар құрған.

Бұған дейін Ұлттық бюро өткізген баспасөз конференциясында БАҚ өкілдері Бишімбаевқа қатысты ақпарат мәлімдеді. Бишімбаевтың ісін тергей келе мемлекет меншігіне 1,2 млн теңге ерікті түрде қайтарылған. Іс бойынша 23 күдіктінің 20-сы кінәсін мойындаған.

Тыңдау кезінде Бишімбаевтің қорғаушысы Сәлімжан Мусин Ұлттық бюро тергеу департаментінің аға тергеушісінің 2016 жылдың 9 тамызында департамент жетекшілігіне рапорт жазған уақыттан қылмыстық іс басталғанын айтты. Оның айтуынша, қылмыстық іске қатысты тергеу дәлелсіз әрі заңсыз өткен. Сондықтан қылмыстық іс тоқтатуды талап етті.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Ғабидолла Әбдірахымов “Нұр Отан” партиясының хатшысы болып тағайындалды

Ол жақта жер көп: Атамбаев ел саясатын қолдамайтын қырғызстандықтарға Қазақстанға баруға кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар