Сот банкир Жомарт Ертаевтың әйелін тұтқындауға бұйрық берді
Алматы соты банкир Жомарт Ертаевтың жұбайын сырттай соттады. RBK банкінің бұрынғы тәуелсіз директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Атышулы банкирдің жұбайы Нұргүл Ертаева аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Сурет: Forbes.kz
15 маусымда Ертаеваға іздеу жарияланды. Нұргүл Ертаева RBK Bank АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде банктен 7 миллион АҚШ долларын ұрламақшы болған. Қорғаушы сотта Ертаеваның бұл ақшаны сіңілісіне бергенін айтып, оны қамауға алмауын сұрады.
Бірақ «Медеу» соты екі айдың ішінде алдын-алу шарасын таңдауға шешім қабылдады. Естеріңізде болса Нұргүл Ертаеваның жұбайы Жомарт Ертаев мамыр айында Мәскеуде ұсталған болатын. Тергеу нұсқалары бойынша, ол RBK Bank АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі бола отырып, ЖШС атынан қайтармау мақсатында 80 млн долларға несие алған. Қазіргі уақытта Ертаев Ресей астанасында үй қамауда.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды