Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы шешім: Атышулы Дәурен Айдарқұлов Әсел Сәдуақасовамен шаңырақ көтерді

«Гламур для дур» картинасында ғашықтардың образын сомдаған Дәурен мен Ақботаның махаббаты өмірде де жалғасын тапқан еді. Бірақ, қуаныштары ұзаққа созылмады. Бүгінде олар бірге емес. Енді атышулы Айдарқұлов, актриса Әсел Сәдуқасовамен шаңырақ көтеріп үлгеріпті.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Дәурен мен Әселді отбасылық одаққа айналдырған Асқар Бисембин! Режиссердың кезекті картинасында олар ерлі-зайыптылардың рөлін сомдайды.

“Алғашқыда басты рөлдегі жігітке Кенталды таңдаған едік. Сәл уақыттан кейін, сценарийді қайта жазып Айдарқұловты бекіттік. Өйткені, Дәуреннің бұл орбазды сәтті сомдап шығатынына күмәнім болмады”, – дейді режиссер Асқар Бисембин.

“Менің бұл жолғы рөлім бұрынғыдан өзгерек. Өйткені, осы уақыта дейін қалыңдық атануға қамданып жүрген қыздардың образын сомдасам, бұл жолы үй шаруасымен ғана шұғылданатын, тұрмыстағы келіншектің кейпіндемін”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

Сондай-ақ, актерлық құрамды Сая Оразғалиева, Айнұр Ілиясова, Жан Байжанбаев және Марат Достаев сынды өнерпаздар толықтырған. Мәселен, томпақ жігітке өзі күтпеген кейіпкер бұйырыпты.

«Мачо» деп жатады ғой. Қыздардың жүрегін жаулап алушы. Сондайлардың рөлін ойнаймын. Жұрттар: «Өййй, мынаның қай жері «мачо» деп айтатын шығар. Кино да енді сонысымен қызық қой”, – дейді актер Марат Достаев.

«Развод по-казахски!» Фильмнің уақытша атауы, бірден дәм-тұзы жараспаған жанұяны көз алдыңызға елестетеді. Алайда, Асқар кезекті картинасында ақшаға құныққан алаяқтардың түрлі әдіс-тәсілін әзіл арқылы көрсетпек.

«Развод по-казахски» деген мысалы біреуге ақша береді, ол ақша жетпей қалады. Міне, бізге «развод жасап кетті» дейді. Сол сияқты нәрсе ғой ол”, – дейді Марат Достаев.

Комедия келер жылдың көктемінде қалың көпшілікке ұсынылмақ.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Меруерт Түсіпбаева Павлодар билігінен көрген қысымы жайлы ашық айтты

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

Талқылау