Соңғы үлгідегі жиһазға толы: Ләйлә Сұлтанқызы зәулім үйін көрсетті (фото)
Ләйлә Сұлтанқызы жақында ғана отбасымен жаңа үйге көшіп барған. Қоныс тойын тойлаған тележүргізуші зәулім үйін көпшілікке көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот
Тележұлдыз қонақ бөлмесін, балалар бөлмесі мен ас үйін көрсетті.
"Қонақ бөлмесінде балаларымызбен кино көргенді, шахмат, нарды ойнағанды жақсы көреміз. Ауыл жақтан адамдар келгенде аяқты созып отырғымыз келеді ғой. Жұмсақ кілемді алғаным да сол", - дейді Сұлтанқызы ағынан жарылып.

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот
"Әйелдің өмірін суретте десе, мен екі-ақ ауызбен суреттер едім. Қонақ күткеннен кейін оның өмірі ас үй мен қонақ бөлменің арасында өтеді. Дәл қазір менің ұлдарым жаттығу залында. Пирог дайын тұр, ет асулы. Ет демекші, біздің үйде күніне бір жілік асылады десем, өтірік емес. Өйткені келім-кетім қонақтар көп. Күйеуім жақсы көреді", - дейді тележүргізуші.

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот

Фото: Samsung-тың YouTube-тегі арнасынан скриншот
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"