Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сондерс Головкинді қайта-қайта жұдырықтасуға шақырып жатыр

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы орта салмақтағы британиялық боксшы Билли Джо Сондерс тағы бір рет Генадий Головкинді жұдырықтасуға шақырды. Отандасымыздың WBA (Super), IBO, WBC және IBF титулдары бар.

0лдшл

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Головкин, маусым айында менімен жұдырықтасатын бол. Мен семіз сығанмын, ал сен жолыңдағыны қирататын машинасың», – деп жазады ол твиттер парақшасында.

Осы уақытқа дейін британиялық спортшы Головкиннің командасының барлық шарттары көңілінен шығатынын айтқан болатын. Сондерс Қазақстанда жұдырықтасуға келісті әрі өзінің ұсыныс-тілектерін айтып өтті. Мұнымен қатар, Головкиннің жауабын ұзақ күтпейтінін мәлімдеді.

Головкиннің Джейкобспен болған жекпе-жегінен кейін келесі кездесу Қазақстанда 17 маусым күні өтеді деген ақпарат тарады. Отандасымыз Сондерсті жеңген жағдайда орта салмақтағы абсолютті чемпион атанбақ.


Жіберіп алмаңыз:

Футболшы сұхбат кезінде байқамай әйелі мен көңілдесіне қатар алғыс айтты

Абель Санчес: Головкин – машина емес

Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Сондерс: Головкинді өз елінде “масқара” етуге дайынмын

Талқылау