Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сон Паскаль Әнуар Нұрпейісовтың әжесіне арнап ән шығарды (видео)

Қазақстандықтарға кеңінен танымал, тегі итальяндық әнші Сон Паскаль итальян тілінде жазылған “Amore ubriaco” әнінің тұсауын кесті.

f321584d-5f94-4a59-a5f8-967e2dffac87

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Әншінің өкілдері ән Италияда кеңінен таралып, танымалдылық жинауда дейді.

Сон Паскаль біраз уақыттан бері Қазақ елімен тығыз қарым-қатынас жасап, қазақтың этникалық әуендерін де орындап жүр. Әнші Қазақстандағы шығармашылық жолы басталған сәтте танымал актер Әнуар Нұрпейісовтың туған әжесінің үйінде тұрып, көп нәрсе үйренген екен.

Әнге клип Алматыдағы “Медеуде” түсірілген. Режиссері қазақстандық актер Санжар Мәдие болса, клипмейкер қызметін Қанат Бейсекеев атқарған. Ал басты рөлдерді Жандос Айбасов пен Бибігүл Ақтан сомдапты.

Еске сала кетсек, 2013-2014 жылдары Сон Паскалдың өмірі туралы Қазақстанда түсірілген “Паскалистан” сериалитиі Италияда кең танымал жоба болған. Осы жоба аясында әнші Қазақстанның барлық қаласына табан тіреген. Ал бұл жобаны 10 миллионнан астам итальяндық тамашалапты.

Оқи отырыңыздар:

Сон Паскаль адайлар арасынан әкесін іздейді

Сон Паскаль тыңдармандарына “Киіз үй” атты альбом ұсынды

Талқылау