Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты (видео)

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік соқтығысты, қаза тапқандар бар.

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты, біреуі жас сәби, деп хабарлайды Sputnik.

Әлеуметтік желі қолданушылары Булаево-Қоскөл тас жолындағы апат орнында түсірілген видеоны жариялаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек,  ВАЗ 2110 мен “Фольксваген универсал” бетпе-бет соқтығысыпты.

“ВАЗ 2110 жүргізушісі мен оның әйелі бірден ажал құшқан, “Фольксваген” жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, бір айлық сәби ауруханада шетінеп кетті, тағы екі әйел зардап шеккен – біреуі өлім ауызында жатыр, екіншісі қатты қорқып, есеңгіреп қалған”, — деп жазады жол апатының куәгерлері.

СҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жантүршігерлік жол апаты туралы ақпаратты растады.

Тағы да оқыңыз:

Жақында ұлы қайтыс болған тележүргізуші әкесі мен бауырынан да айырылды

ОҚО-да 7 жасар бала тоққа түсті: Дәрігерлер бір қолын кесіп тастауы мүмкін

Елімізде әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар