Солтүстік Қазақстанда студент досын құтқарып, өзі суға батып кетті

Сәрсенбі, 26 Шілде , 2017 22:21

Солтүстік Қазақстан облысында колледж студенті батып бара жатқан досын құтқарып қалды, бірақ өзі суға кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

суға-кетті

Қайғылы оқиға Ақжар ауданы Талшық ауылының жанында болған. Құтқарушылар Шат өзенінен Кішкенекөлдегі ауыл шаруашылығы колледжінің студенті 16 жастағы Нұрислам Жұмабековтың жансыз денесін алып шықты.

“Жас жігіт шомылуға арналмаған жерде батып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сол күні Нұрислам курстастарымен өзенде шомылып жатқан. Бір уақытта олардың бірі бата бастайды, тек Нұрислам ғана бірден оны құтқаруға асыққан.

Батып бара жатқан баланы итеріп шығарып жіберіп, ол өзі суға шашалып, өзеннің түбіне кеткен”, — деп әңгімеледі қайғылы оқиғаның мән-жайын Уәлихан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Руслан Сәдуақасов.

Айта кетсек, шілде айының басында Қостанай облысында дәл осындай жағдайда сегіз жасар Игорь Коцкий сыныптас қыздың өмірін құтқарып қалды.

Оқи отырыңыз:

Үстіне қазақтың шапанын киген Николас Кейдж интернетте жаппай әзіл суретке арқау болды (фото)

2025 жылы біздің асүйіміз қандай болады (фото)

Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)

Қытай жігіт өз қолымен суперкар құрастырып шықты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар