Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Соғыс ардагері болғаны үшін түрмеден босатылған қария өз үйіне кіре алмады


Қостанайлық түрмеден бостандыққа шыққан 94 жастағы ҰОС-ның ардагері Иван Сурков өз үйіне кіре алмады. Бұл туралы Alau.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Фото: alau.kz

Бостандыққа шыққанан соң, майдангер өз үйіне келген. Алайда, жол бойы үйін көруді армандап келген қария, оның ішіне кіре алмады. 

"Үйге кірейік дегенбіз. Бірінші есік ашық, ал екіншісі жабық болды. Ол өз үйіне кіре алмады. Біз полицияны, үйге бірлесіп қожалық етуші адамды күттік. Бірақ әйел келген жоқ. Осы үйде зардап шеккендер тұрады-мыс. Сурков — үйдің төрттен бір бөлігінің иесі, — деді ерікті Алия Семина. 

"Үйге асықты, ал үйі құлыптаулы. Бостандыққа шыққаны осы. Тәртіп орнату керек. Иесіз үй жетім", — деді ҰОС ардагері Иван Сурков. 

Басылымның мәліметінше, ардагердің көңілі далада жатқан жиһазын көргенде босап кеткен. Жиһаздардың арасынан ол өзінің диванын көріп қалған. Оқиға орнына полицияны шақыртты, бірақ ол ешнәрсемен көмектесе алмады. Ардагер құлыпты бұзып, есікті ашуды қайта-қайта өтінді. 

фото: alau.kz

Үйіне кіруді армандаған Сурков ауланы тазалай бастады. Ардагерді немере інісі өзімен бірге алып кетті. Еріктілердің сөзінше, ертең үйдің жаңа иелері саналатын адамдар қалаға келіп, ардагерді баспанасына кіргізеді. 

Естеріңізге сала кетейік, соғыс ардагері Иван Сурков марқұм әйелінің бауырын өлтіргені үшін 2018 жылы 7 жылға сотталған. Кісі өліміне мүлікті бөлісе алмау түрткі болған екен.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр